Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2 Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.
Септік жалғаулары:
Атау септік. Аймақ, өнім
Ілік септік. Аймақтың, өнімнің
Барыс септік. Аймаққа, өнімге
Табыс септік. Аймақты, өнімді
Жатыс септік. Аймақта, өнімде
Шығыс септік. Аймақтан, өнімнен
Көмектес септік. Аймақпен, өніммен
Көптік жалғаулары:
Аймақтар, өнімдер
Тәуелдік жалғаулары:
жекеше
1-жақ. менің аймағым, менің өнімім;
2-жақ. сенің аймағың, сенің өнімің;
сіздің аймағыңыз, сіздің өніміңіз;
3-жақ. оның аймағы, оның өнімі.
көпше
1-жақ. біздің аймағымыз, біздің өніміміз;
2-жақ. сендердің аймақтарың, сендердің өнімдерің;
сіздердің аймақтарыңыз, сіздердің өнімдеріңіз;
3-жақ. олардың аймақтары, олардың өнімдері.