М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
fox363
fox363
04.05.2021 21:51 •  Қазақ тiлi

Өлеңдегі айтылган ойлар мен мақал мәтелдерді сәйкестендіріңдер. өлең жолдарындагы көмекші есімдерді табыңдар.

👇
Ответ:
Ученицав
Ученицав
04.05.2021

Берілген өлең:

Ауыл басы ақсақал,

Теріс билік айтпаған.

Аға адамдар алдында, жастар ойнап, күлмеген.

Ата-анасын жылатып, ұлы тастап кетпеген.

Әке тұрып, ұл сөйле, қазақта әсте болмаған.

Мақал-мәтелдер:

Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар.

Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер. Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Ақылды қария-ағын дария.

Өлеңде айтылған ойлар мен мақал-мәтелдерді сәйкестендіру:

1.Ауыл басы ақсақал, теріс билік айтпаған. – "Ақылды қария – ағын дария".

2.Аға адамдар алдында жастар ойнап, күлмеген. – "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар".

3. Ата-анасын жылатып, ұлы тастап кетпеген. – "Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер".

4. Әке тұрып, ұл сөйле, қазақта әсте болмаған. – "Ата тұрып ұл сөйлегеннен без".

Көмекші есімдер: басы, алдында.

4,8(66 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ilonazelen
ilonazelen
04.05.2021
Антоним (гр. antі — қарсы,onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұпқұрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]
4,7(54 оценок)
Ответ:
Крис5942314613
Крис5942314613
04.05.2021

Абай - даналықтың бастауы.

Жоспар.

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Абай - біртуар дара тұлға.

2. Абайдың шығармашылығы.

Қорытынды.

Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.

Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.

Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.

4,7(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ