.Әлбетте, үш жүз жылға тарта созылған бодандықтың қамытынан кейін ең басты жетістік ретінде - Қазақстанның 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялауын атауға болады. 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан үшін жаңа тарихи кезең - Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз кітабында жазғандай Тәуелсіздік дәуірі басталды. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін мемлекеттің негізін қалаушы құжаттар қабылданып, әлем картасында Қазақстан атты ел қайта жаңғырды. Жас мемлекет шекарасын бекемдеп, өз армиясын құрды, дербес мемлекеттің қажетті басқару құрылымын шегелеп, мемлекеттік символдарын бекітті.
Надеюсь1991 жылы Қазақстан егеменді ел болды. Еліміздің Тәуелсіздігін ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші Қытай, содан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Ал «Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады» деген сөз ақиқат болмай шықты. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашқан, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов айтты. Сонымен қатар осы жылдың 2 қазанында қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті.