1. Ең алдымен сиырдың желінін жақсылап жылы сумен жуып, оған май немесе сауылып жатқанда өз сүтін жағу керек. Бұл сиырдың желінін жұмсартып, тез июіне көмектеседі. 2. Сауылған сүтті дәкеден немесе сүзгіден өткізіп, бірнеше мәрте сапыра отырып, жай отта пісіреді.Ескерту: Сүтті қатты отта пісірсеңіз, ол ыдыстың сыртына тасып, мөлшері азайып, ошағыңызды ластауы мүмкін. Тасыған сүт жанып, үйдің ішін қоңырсыған иіс басады. Сүт әбден сарғайып, бетіне қаймағы шығып, қоюланғанға дейін пісіру керек. Мұндай сүттен жасалған құрт майлы, әрі өте дәмді болады. 3. Дайын сұйықтықтың ыстығы басылғынша күту керек. 4. Жарты кесе ашытқының үстіне жылымшы сүтті құйып, барынша араластырып, піскен сүтке қосады. 5. Жылы жерге орап, бірнеше сағатқа қояды. Ескерту: Суық жерге қойылса айран ашымай, сұйық күйінде тұрып алатынын ескерген жөн. 6. Сары суы бетіне шығып, айранға айналған бетте арнайы тігілген дорбаға құйып, суы сорғығанша іліп қояды. Құртқа қалауыңызға қарай тұз қосуға болады. 7. Қою қатыққа айналған соң, өз қалауыңызша түрлі пішінге келтіріп жаясыз. 8. Жайылған құрттарды ыдысқа салып, жел есетін жерге іліп қою қажет. Ескерту: Күн тікелей түсетін жерге ілсеңіз майы бетіне шығып кетеді, сондықтан көлеңке жерде кептірген жөн. 2-3 сағат аралығында дегдіген құрт, бірнеше күннен соң қатаяды. 9. Дайын болған құрт дастарханыңыздың сәнін, деніңіздің саулығын жақсартады.
Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді.Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы былғауышпен / басында қырғыш темірі болады / әлсін-әлсін қазанның түбін ернеуін қырып араластырып отырады.Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды сонда оның қалған суы тағы да ағып құрғайды.Бұдан кейін қолмен бөлшектеп тақшаға шиге қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді.Көгермей қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет ауыстырады.Осындай әдіспен қайнатып кептіріп алған құрт жыл бойына кейде екі жылға дейін сақтала береді.
Сен қай қалада тұрасың? - Мен Астанада тұрамын. - Астана туралы не білесің? - Астана – тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Ол - жаңа Қазақстанның белгісі. Астанада тарихи ескерткіштер, мұражайлар бар. - Қай кезде Н. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды? - 1997 жылы қазанның 20-сында. Ал Қазақстанның алғашқы бас қаласы қай қала болған. ? - Орынбор. - Қазақстанның екінші астанасы – Алматы. Алматыда қандай қала? - Алматы - үлкен, әдемі қала. - Алматыда қандай театрлар бар? - Алматыда - М. Әуезов атындағы қазақ драма театры, Лермонтов орыс драма театры бар. -Қалада қанша адам тұрады? - Миллионнан астам тұрғындар бар. Мен Алматы көруді армандап жүрмін
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.