Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.
Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Фастфуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Дәрігерлердің айтуынша фастфудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.
Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Даласы кең, адамдары қонақжайлы болып келеді. Қазақ елі ежелден-ақ көрікті дала болып есептеледі. Өзім осындай кең- байтақ қазақ жерінде туылғаныма, өсіп жатқаныма қуанамын. Себебі, біздің елде көптеген жағдайлар жасалған, кез келген адам өз ой-пікірін білдіре алады. Кейбір шет мемлекеттерде, әлі күнге дейін соғыс бітпей жатыр, ашаршылық, жоқшылып орнап жатыр. Ал біздің елде мұндай оқиғалар баяғыда- ақ жойылған. Және елімнің мақтан тұтатын жерлері ол дем алатын орындары немесе санаторийлері. Көкшетауды алатын болсақ, ауасы таза, табиғаты көркем. Сондай бір ғажайп өлке. Қапшағай, Сегіз көл, Сарыағаш және т.б. Айта берсең көп енді. Міне, мен осындай керемет дербес мемелекетте өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын.
Сүт тағамдары.