Қосарланған қос өздерге мысал:
Қос сөз – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған күрделі сөздер.Қосарлама қос сөз – өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады.Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым,күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш.
Бүгін ата-аналар жиналысы болатынын ұмытып кетпедіңдер ме?
Ол ертелі-кеш ертеңгі емтиханына дайындалып жүрген.
Халқымыздың салт-дәстүрін құрметтей білуіміз қажет.
Мұражайдан көне ер-тоқымды көрдім ғой.
Менің кышкентай інім құрт-құмырсқа көрсе қуанып шыға келеді.
Ол біздің үйге анда-санда ғана келеді.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.