Міне, еліміз Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп, еңсесін көтере бастағанына аттай 27 жыл толып отыр. Жас жігіттің жасындай ғана уақытта Қазақстан адам танымастай гүлденіп, өсіп келе жатыр. Бүгінде біздің елімізге әлем қызыға қарайды. Ал осындай еңсесін тіктеп келе жатқан елге, ең алдымен, білімді ұрпақ керек деп ойлаймын. Елбасымыздың өзі ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл бөліп, өз жолдауларында «Елдің ертеңін ойлау қажет, XXI ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты салауатты да сауатты өмірге бағыштауымыз керек» деген сөздері тегін айтылмаса керек. Олай болса, әрбір мемлекеттің келешегі мектебінде шыңдалатыны анық. Болашақта ел тізгінін ұстау бақыты – біздің қолымызда екені белгілі. Сондықтан бойымдағы бар жақсылығым ды елімнің болашағы үшін жұмсағым келеді. Ата-бабаларымыздың мұрат еткен аманатын және Елбасының сенімін ақтап, Тәуелсіз елдің тізгінін ұстар азаматы болсам деймін.
9:00да
10:30да
11:00де
12:00де
13:00де
14:00де
15:00те
16:00те
17:00те
18:00да
21:00да
23:00де