Әлемде сыйлық алғанды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез келген сыйлық адамды қуантады.Алайда әрбір сыйлық алған сайын бір міндет туындайтын сияқты болғандықтан, сыйлық сыйлау әлдеқайда қызығырақ. Сыйлық әрқашанда қуаныш әкеледі.Ол әрқашанда құрмет пен сыйласымдық белгісі.Оның таңдалуы әр адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Сыйлық таңдау кезіндегі көңіл аударарлық жай болып оның бағасы саналады. Қымбат сыйлықпен адамды ыңғайсыз жағдайға қойып қалу мүмкін екендігін есте сақтаған жөн. Соған байланысты кейбір елдерде сыйлықтын бағасы белгілі бір сомадан аспауы керек.Бұл әсіресе АҚШ-та маңызды рөл атқарады.Тіпті Л.Джонсон президенті билігі кезінде "Қызметкердің этикалық кодексі" қабылданды.Кодекс регламенті бойынша қызметшіге сыйлаған сыйлықтың бағасы отандастар үшін 20 доллардан, ал шетелдіктер үшін 225 доллардан аспауы керек.Сол сияқты декларациялар басқа да бірқатар елдерде қабылданды
Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді жене жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мындаған километр жерге айдап апарады. ПЕРЕВОД Человек поведение не только земля , вода загрязняет воздух . Каждый день промышленность , в том числе огромный токсичного газа в воздухе и очень мелкие частицы удаления примесей . Они поглощаются человека и животных тела с воздухом , а затем осаждают на поверхности земли . Иногда они завершают , а не из первых километров земли вынудили тысячи жизней .
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.