Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.
Үй мысығы - өте таза хайуан болып есептеледі. Мысықты түзге шығуға өзі сұранатындай етіп үйретеді. Жүні ұзындарын күн сайын, жүні қысқаларын күн ара тарап отыру қажет. Мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге шығарады. Мойын жіп байланғаны дұрыс. Пәтерде оларға арнайы орын бөлініп, оған құм немесе топырақ, ағаш ұнтағы салынған себет әйтпесе жәшік қойып, ішін күнде жаңартып тұрады.
Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».

- Сен не қылған адамсың? - деп сұрайды. Ол адам басын көтеріп:
- Мен ақыл сатушымын, - дейді.
- Олай болса, маған бір ақыл сатшы, - дейді патша. Сонда ол адам:
- Құп болады, бірақ әр ақылымның бағасы мың алтын, - дейді. Хан санап, мың алтын береді. Сонда ақыл сатушы:
- Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боласың, - дейді. Мұнан соң хан ордасына келіп, баяғы сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге, орамал-дастарқанға дейін жазып қояды. Күндерде бір күн хан шашын алғызатын болып: «Шаштараз алып кел», - деп, бас уәзірге әмір қылады.
Уәзір дереу бір шаштаразға барып: «Ертең келіп, ханның шашын ал» - деп бұйырады. Ертең ерте шаштараз ханның ордасына келе жатса, алдынан уәзір шығады. Уәзір:
- Ей, шаштараз, ханның шашын қандай ұстарамен алмақшы едің? - дейді. Шаштараз:
- Ай, тақсыр, күндегі ұстап жүрген жай ұстарамен аламындағы. Жақсы ұстараны мен байғұс қайдан табамын? - дейді. Сонда уәзір:
- Ей, ақымақ! Ханның шашын жай ұстарамен алуға болмайды. Мә, мынау ұстарамен ал, - деп, қалтасынан шығарып, бір алтын сапты ұстара береді. Шаштараз қуанып, ханның құзырына келіп, шашын жібіте бастайды. Сол уақытта шаштараз: «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боларсың! - деп, әр жерге жазылған сөздерді көреді де ішінен: «Қой, уәзірдің ұстарасын қояйын, өзімнің үйренген жаман ұстараммен-ақ ханның шашын алайын», - деп, уәзірдің алтын сапты ұстарасын былай қойып, өзінің ағаш сапты ұстарасымен ала бастайды. Мұны көріп хан ішінен: «Бұл ақымақ алтын сапты ұстарасын менің шашымды алуға аяды ғой! Онымен менен артық кімнің шашын алады. Тоқтай тұр, мен саған көрсетейін!» - деп шашын алғызып болған соң хан:
- Дереу жендетті шақырып келіңдер, мен бұл шаштараздың басын аламын! - деп, кісілеріне әмір қылады. Шаштараз мұны естіп, неге қылмысты болғанын білмей, қайран қалып тұр еді, жендет келген соң, бейшара шаштараз ханның аяғына жығылып:
- Ей, тақсыр, менің басымды алсаңыз да ықтияр, бірақ менің кінәмды айтып алсаңыз екен! - дейді. Хан:
- Сен басында менің шашымды алтын сапты ұстарамен алмақшы болдың. Ақырында оны менен аяп, ағаш сапты жай ұстарамен алып, мені қорладың. Сенің кінәң осы, - дейді. Сонда шаштараз:
- Жаңа сіздің шашыңызды алуға ордаға келе жатқанымда алдымнан бас уәзіріңіз шығып: «Ханның шашын алуға мына ұстара лайық», - деп, осы алтын сапты ұстараны беріп еді. Мен сіздің шашыңызды жібітіп жатып, әр жерде жазылған «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң қор боларсың», - деген сөздерді көріп: «Бұл уәзір берген ұстараның қандай екенін білмеймін, ханға бір зиян келтіріп жүрмейін. Жаман да болса, үйренген өзімнің ұстараммен алайын», - деп ойладым. Шашыңызды ағаш ұстарамен алғанымның себебі осы еді, - дейді. Сонан соң хан жасауылдарын жіберіп бас уәзірін шақыртып алдырып:
- Мынау ұстараны шаштаразға сен бердің бе? - деп сұрайды. Уәзір:
- Мен бердім, - дейді.
- Олай болса, бұл ұстарамен уәзірдің шашын ал, - деп, Хан шаштаразға бұйырады. Шаштараз уәзірдің шашын жібітіп, алтын ұстарамен бір сипағанда, уәзірдің жаны шығып кетеді. Сөйтсе, бұл уәзір ханға қас екен. Соны өлтірмекші болып, ұстарасын зәрге суарған екен. Мұны көріп, хан шаштаразға дән риза болады. Көп алтын, күміс сыйлық беріп, үйіне қайтарады.