М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ggg294
ggg294
22.01.2020 09:20 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском языке на тему не большое "нан бар жерде ән бар". заранее

👇
Ответ:
liliyazaleeva12
liliyazaleeva12
22.01.2020
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ а өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.Бір жолы Жаңа жыл кешінде неше түрлі тағам түрін дайындап, дастарқанға толтырып қойып жатқанымда ата үстелді көзімен бір шолып қарап: «Балам, бұдан кейін қандай дастарқан жасасаң да, дастарқанға алдымен нан қоюды ұмытпа!» – деді. Мен сонда жастығым ба, абайламай өзімның дастарқанға алдымен нан қоймаған қателігімді мойындап, екінші қайтып қайталаған жоқпын. Өмір бойы ұмытпадым да. Менің сол кезде жіберген қателігімді қазір жиі әрі кез келген жерде кездестіруге болады. Қандай қонаққа барсақ та, мейрамханаларда болсын емен үстел майысып, тіпті бұрын көрмеген тағамның түр-түрі тұрғанымен, нанды соңынан әкеліп жатады. Кейбір адам қонаққа шақырып отырып «ойбұй, нан қоюды ұмытыппыз» деп жатады, яғни нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз. Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс кірсін десеңіз, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз алдымен дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені жай нанның өзінде пенделердің көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.
4,6(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
daria200205
daria200205
22.01.2020

Робототехника - бұл ақпараттық технологиялар мен ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыттарының бірі, онда механика мәселелері басқару және жасанды интеллект проблемаларымен байланыста болады. Робототехника ажырамас пән бола отырып, әзірлеушілерден механика, электроника, бағдарламалау, жобаларды басқару сияқты салалардағы білім мен дағдылардың болуын талап етеді. Нәтижесінде робототехника кең көкжиек пен жүйелік ойлау саласындағы тар маманнан ерекшеленеді.

Көптеген жағдайларда қазіргі роботтар бірдей жұмысты орындау үшін жасалғанын бәріміз білеміз. Роботтарға сонымен қатар адамдар үшін қиын және қашықтықтан басқарылатын ортада жұмыс істейтін құрылғылар кіреді, мысалы, үлкен тереңдікте, ғарышта жұмыс істейтін жұмыстар, раковиналарды жеткізуге арналған құрылғылар және т.б., сонымен қатар роботтық ойыншықтар.

Робот оператордың бұйрықтарына тікелей бағынады, алдын-ала құрастырылған бағдарлама бойынша жұмыс істей алады немесе жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып жалпы бағыттарды қолдана алады. Бұл міндеттер өндірісте, құрылыста, ауыр жүктемелермен, қауіпті материалдармен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ адамдар үшін басқа да қиын немесе қауіпті жағдайларда адам еңбегін жеңілдетуге немесе толығымен алмастыруға мүмкіндік береді.

Біз адамдар жақын болашақта жаңа технологиялардың әсерін бағаламайтындығын және олардың алыс болашаққа әсерін бағаламайтындығын түсінуіміз керек. Бірақ бұл бізге жақын болашақта инновациялық салаларды дамытудың жол картасы қажет екенін жоққа шығармайды. Адам өмірін едәуір жеңілдететін робототехника саласындағы бірнеше маңызды ашылымдар.

1) Робот-ғалым алғаш рет нақты жаңалық ашты (британдық роботтың өзі болжам жасап, оларды сынау үшін тәжірибелер жасайды және қорытынды шығарады)

2) бүлінген немесе құлаған роботтарды өздігінен құрастырудың әдісін тапты

3) Адамның күшін 20 есеге көбейтетін экзоскелеттік прототип жасалды

4) Роботтардың мүмкін эмоционалдылығы туралы белсенді зерттеулер жүргізілуде

5) Британдық ғалымдардың роботтардың өзін-өзі көбейту тәжірибесі сәтті аяқталды (робот дәл көшірмесін жасай алды, және ол өз кезегінде алғашқы роботтың «немересін» жасай бастады).

Жүргізілген зерттеулер мен проблемалардың қазіргі жағдайын талдау мынаны көрсетеді: роботтарға заманауи қолданбалы әдістер мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға болады. Робот техникасын модельдеу қолдану өте ыңғайлы. Жұмыстың мақсаты жаңа жасанды интеллект алгоритмдерін және роботтардың жұмысын құру процесінде жолды табу алгоритмдерін қолдану мүмкіндігін зерттеу болып табылады.

4,4(14 оценок)
Ответ:
Бір тудың астында бір үйдің бауырларындай күн кешіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің бірі – орыс халқы. Атадан балаға жалғасып отырған салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарын, зерттеп қарасақ, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұқсастықтарын айқын байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде жергілікті халықтың тұрғындармен етене сіңісіп, өз дәстүрін сақтай отырып, өзгенің мәдениетін бойына дарыта білгендігінде. Өзге елде тұрып, өз жауһарларының бірі салт-дәстүрі, тілі болсын, әлгі күнге дейін өшірмей мәңгілік ұрпаққа мұра етіп келеді. Бұл орайда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» десе, келесі бір сөзінде «Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды» – деп атап өткен еді. Сол ерекшелігін сақтай отырып, бізбен біте қайнаса тіршілік етіп жатқан орыс халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына тоқтала өтсек. Орыс халқында ерекше саналатын салт-дәстүрлердің бірі – ыдыс шағу ырымы.  Бұл дәстүр адам өміріндегі өзгерістерге байланысты орын алады. Мысалы, адам дүниеге келгенде, үйлену тойында немесе адам қайтыс болғанда.Сәби дүниеге келген уақытта арнайы шыны ыдыста күріштен немесе бидайдан ботқа пісіріледі. Қонақтар тамақ ішіп болған соң, дастарханға осы дәм әкелінеді. Кімде-кім ыдысқа көп ақша салса, сол адам ыдысты сындыру құрметіне ие болады. Шыны ыдыс сынған уақытта ішіндегі ботқа сол қалпында, яғни шашылмаған күйінде тұруы қажет. Бұл дәстүр отбасы бақытқа, ырысқа, байлыққа кенеледі деген мағынаны береді. Алғашқы болып астан жас босанған ана дәм татады. Егер ас келген қонақтардан артылып жатса, үй иесі қалған ботқаны малдарына, одан қалса бақшаларына шашады. Сол сияқты сәбиді аспалы  немесе ағаш бесікке салып оны үш рет темір пышақпен аластайды. Егер ер бала болса, пышақ, ал қыз бала болса жастығының астына қайшы қояды. Бұл дәстүрді баланы бәле-жаладан, тіл-көзден аман болсын деп жасайды.Үйлену тойында ыдыс сындыру салтының мағынасы, егер жас келін босағаны адал аттаса, той күннің ертеңіне қайын енесі өзінің қымбат бір ыдысын сындырады. Ыдыс өте майда бөлшектерге бөлініп, ұнтақталып шағылуы тиіс. Бұл дәстүр бас қосып жатқан екі жастың өмірі молшылық пен байлыққа толы болсын деген мағынаны білдіреді.
4,7(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ