Əдебиетіміздің тарихындағы аса күрделі,қайшылықтары қисапсыз кезең - ХХ ғасырдың алғашқы он шақты жылы Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Отаршылдық езгінің шектен тыс күшеюі, саяси қанауға таптық үстемдіктің ұласуы, қалың елдің жан төзгісіз жағдайда жаншылуы патшалық Ресейдің қол астындағы халықтарды ашындырды. Езілген еңбекші бұқараның ауыр тұрмысы мен мұң-мұқтаждығының куəгері болған зиялыларымыз бұл жайында сөз қозғамай кете алмады. Осы тақырыпта ой толғаған жанашырларымыздың қатарында М. Дулатов пен А. Байтұрсынұлы есімдерінің еңсесі биік. Бір заманда туылып, бір дəуірдің улы зарын қатар сезінген өрендердің өлеңдерінде қандай үндестік бар?
Ем таба алмай дертіне, «Оян, қазақ!» деп жар салған Міржақып Дулатұлы:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты,-деп халқының басындағы ауыр қасіретті яғни надандықты айқын көріп, енді содан айықтырудың, қараң қалмаудың жолдарын іздейді. Сол дәуірде бел алған қыру-жою, қантөгісті мадақтаған төңкеріс идеясы емес, адами игіліктерді, дін, иман жолын әспеттеп, білімге, адамгершілікке, оқуға, мәдениетке үндеу – жас ойшыл таңдаған арна. Осы арнада ақынмен тоғысқан жан, езгілеушілердің қитығына "маса" боп тиген - А. Байтұрсынұлы.
Мысалы қазақ -
малшы ұйықтап жатққан,
Жыланды бәле
делік аңдып баққан.
Оның түрін көрген
мен - Сарымаса,
Халықты оянсын
деп сөзбен шаққан,-деген өлең жолдарынан бұл мысалдың басты сарыны – бостандық арманы, ел тағдыры, халық қамы екенін аңғаруға болады. Негізінен масаның бар күші – шағу, ал ісі – адамды ұйқыдан ояту екенін барлығымыз білеміз. Осы тұстан екі ақынның үндестігін айқын аңғаруға болады.
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыз - Міржақып Дулатов пен Ахмет Байиұрсынұлының есімі ел есінде мəңгі сақталмақ!
поставь лай и лучший ответ
Объяснение:
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі.Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.Байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б. з. д. I мыңжылдықтың орта шеніндегі "далалық сақ жолынан" басталады. Геродоттың жазуы бойынша, жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың тамаша жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе-қазіргі заманғы көлік жүретін жолдар мен темір жол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы.