Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Семіздің аяғы – сегіз. Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық. Он екі айда он үш той. Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер. Жігітке жеті өнер де аз. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз. Қарғыс жеті атаға жетеді. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас. Кедейдің жеті қаңтары бар. Жетім бала жеті күлшеге тоймас Жетімге жеті бидай да тамақ, Жетімнің қарны жетеу Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде ада Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті. Тоғыз ат бір қазыққа байланбас, Тойған үйге тоғыз бар, Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды, Тоғыз қатынның толғағы бір келді, Тоғыз ат бір қазыққа байланбас Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді. Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық. Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды. Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл. Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Жүз дімкеске бір лепес. Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер. Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады. Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра. Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді Ағайын – алтау, ана – біреу. Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың. Шындық – сегіз, бақыт егіз, Ер- егіз, еңбек- жалғыз, Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз Құтты қонақ келсе, қой егіз табады Қорқаққа қос көрінер, Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады, Бір жебемен қос нысана оққа ұшты
Қазақ күй өнерінің саңлағы, рух жебейтін құдіретті күйлері қазақтың қиыр даласының төрт бұрышында орындалатын Құрманғазы – күллі елге ортақ тұлға, өнер абызы. Ол өзінің өзгеге ұқсамайтын асқақ әуенімен ауыл арасынан шығып, аймағына, алыс-жақынның бәріне құдіретті әуен асқақтығын жеткізіп, дүйім жұртты дүр сілкіндірді.Ақтаудағы жаңа ескерткіш бабаға – құрмет, болашаққа сый. Күйші-сазгер, домбырашы, аспапты халық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының еңселі ескерткішінің ашылуы рухани байлығы мол өткенімізді, өткенді қадірлей білетін ізгілігімізді танытқан тағылымды шара болды. Маған Балбырауын күй ұнады, себебі күйде өте ғажайып әні бар. «Балбырауын» деген күйді Құрманғазы Браун деген әлде графтың, әлде дворянның балына арнап шығарған екен деген сорақы «тарихты» таратып жүргендер де – осындай өзі де, сөзі де будандастырылып кеткен қазақтар. Шындығында, ол кәдімгі «балбырау», «балбырату» дегенді ғана білдіреді. Құрманғазы мен үшін өте дарынды күйші,сазгер ,домбырашы. Ол біздің есімізде мәңгілікке калған.
Қазақтың күй өнері қазақ халқында ерекше орын алады. Себебі қазақтың күйін тыңдап отырсаңыз, кең даланы, халықтың салт-дәстүрін, тарихын, халықтың ерке мінезін сезіне аласыз. Халқымыз ұлтымыздың дарынды күйшісі Құрманғазыны ерекше пір тұтқан. Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың күй өнерінің атасы болып саналады. Оның мұраға қалған бірнеше күйлері бар. Соның менің көңілімнен шыққан күйінің бірі - "Балбырауын" күйі. Бұл күйді кең дастархан үстінде тыңдаған едім. Бір естігеннен көңіліме қонды. Кейін іздеп келе, бұл атақты Құрмаңғазының күйі екенін білдім. Күйдің тарихын білгім келіп, ғаламторға жүгіндім. Іздеп келе, күй Браун деген немістің атақты шенді а арналған екен деген пікірді кезіктірдім. Дегенмен, оған қарсы пікір де айтылған екен. Кейбір ғалымдар бұл Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, күйзелген халықтың көңілін бір серпілтейін, бір балбыратайын деген ниетпен "Кішкентай" күйінен кейін шығарылған күй деседі. Қалай болғанмен, күйді тыңдап отырып, сол кезде сол халықпен бірге жасасқандай күйге енесіз. Күй өнеріне аса жақындығым болмағанмен, "Балбырауын" күйі мені халықтың музыка өнеріне бір қадам жақындата түсті.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Семіздің аяғы – сегіз.
Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық.
Он екі айда он үш той.
Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.
Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.
Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.
Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер.
Жігітке жеті өнер де аз.
Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Қарғыс жеті атаға жетеді.
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Кедейдің жеті қаңтары бар.
Жетім бала жеті күлшеге тоймас
Жетімге жеті бидай да тамақ,
Жетімнің қарны жетеу
Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде ада
Айла алтау, ақыл жетеу.
Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас,
Тойған үйге тоғыз бар,
Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды,
Тоғыз қатынның толғағы бір келді,
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді.
Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық.
Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар.Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды.
Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл.
Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер.
Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық.
Бір жылға қоян терісі де шыдайды.
Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп.
Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді.
Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады
Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
Жүз дімкеске бір лепес.
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.
Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың.
Шындық – сегіз, бақыт егіз,
Ер- егіз, еңбек- жалғыз,
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
Қорқаққа қос көрінер,
Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты