Идеясы: оқу-білімнің алар орны және оған көңіл бөлу
Көтерілген басты мәселе: Абай атамыздың 25-ші қара сөзінде оқу-білімге байлық аямау керек дегенді айтады. Яғни, байлық әр адамға өз несібесімен келеді. Ал қазір оқу-білімге көбірек назар аударған жөн. Ол болашақта өз өмірімізге қайтарымды болатындай пайда әкеледі
Қара сөзде айтылған ойлар:
1) "Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе"
2) "Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек"
3) "Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! "
4) "Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!"
5) "Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті?"
6) "Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады"
Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.
Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.
Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.
Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.