М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
КрендельЙА
КрендельЙА
26.10.2022 02:56 •  Қазақ тiлi

Напишите 10 пословиц про доброту на казахском буду рада))

👇
Ответ:
AlinaSmail76
AlinaSmail76
26.10.2022
Адам жақсысын жақта.
 Адам қайғысы — заман қайғысы.
 
Ормансыз жер — жалаңаш,
 Армансыз ер — жалаңаш.
4,8(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Эliна
Эliна
26.10.2022

Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.

Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.

Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.

Адам достықты іздей бермей, өзі де дос бола білуі қажет. «Жолдасын тастаған жолда қалады» дейді. Немесе «күлме досыңа, келер басыңа» деп қысқа қайырсақ та болады. Досқа күлгенің – оның арына тигенің, оған сатқындық жасағаның. Досыңды сатқан күн әйтеу бір уақытта айналып өз басыңа келеді. «Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа» дейді халқымыз.

Бұл өмірде туған-туыспен, дос-жаранмен тату-тәтті, ұйымшыл, бір болғаннан артық қандай бақыт бар? Әрдайым туған-туысыңа да, достарыңа да қол ұшын беріп, көмектесіп жүрсең, өзің де елдің алдында абыройлы, беделді боласың. Сөйтіп досың да көбейеді. Досқа деген пейілің жақсы, көңілің күмбез болса, досыңа дос қосылары хақ.

4,8(50 оценок)
Ответ:
Deyzer777
Deyzer777
26.10.2022
Мен туратын көше өте əдемі. Жол жиектеріне ағаштар мен турлі өсімдіктер отырғызылған. Жол тегіс асфальтпен тоселген. Аулада балаларға арналған ойын аланы бар. Көшенін бойымен тік журе келе сол жаққа бурылғанда Зоопарк орналасқан. Біздін көшеде куні-туні көліктердін шулы дыбыстары естіледі. Көше улкен болғандықтан, көліктер көп журеді жəне жол кептелісі жиі орын алады. Ал менін қулағым бул шуға əбден уйренісіп кеткен. Себебі мен бул көшеде турғаныма бірталай жыл болды жəне бул көше менін ен суйікті көшем.
4,6(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ