М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Angelina8672
Angelina8672
10.11.2022 10:36 •  Қазақ тiлi

Сочинение мой любимый город на казахском языке надо№№№про любой город

👇
Ответ:
pomogitejaslomalsya
pomogitejaslomalsya
10.11.2022

Менің сүйікті қалам- Талдықорған. Ол маған өте ұнайды. Себебі, мен осы қалада тұрамын және білім аламын. Талдықорған- әсем қала! Оның жері кең, әрі байтақ, сонымен қатар, бұл жерде көп ұлтты адамдардың мекені деп айтса болады. Өйткені, бұл жерде басқа ұлттың адамдары тұрады. Атап айтатын болсақ: орыс, татар, өзбек, қыр
ғыз, дүнған,ұйғыр, кәріс, қытай тағы да басқа ұлттың адамдары бар. Сонымен қатар, соңғы жылдары Президентізіміздің жолдауы бойынша біздің қаламыздың,еліміздің санын көбейтіп, байыта түсуде.
Талдықорғанда көптеген үйлер, балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары, колледж, демалыс және сауда орталықтары, кітапхана,театр, кинотеатр, емхана, дәріхана, завод- фабрикалар және тағы бас
қада қаламызды көркейтетін әсем жерлер көп.
Соңғы жылдарда қаламыз адам танымастай гүлденіп келе жатқаны белгілі. Себебі, күннен- күнге әдемі ғимараттар салынып, көшелеріміз кеңейтіліп, Талдықорған қаласының атына сай көптеген әдемі ағаштар отырғызылып, жайнау үстінде. Сонымен қатар айта кететін жайт, соңғы жылдарда қаламызды байыта түсетіндей бірнеше мектептер-білім ордасы ашылда. Соның бірі менің сүйікті мектебім. Мен осы мектепте оқығаныма өте қуаныштымың және оны мақтан тұтамың.
Менің өзімнің сүйікті қалама тілейтінім және де болашақ өскелең ұрпаққа айтарым осы қаламызды атына сай етіп гүлденуі үшін бар күшімізді салайық дегім келеді. Яғни, біздің қаламызды таза ұстап, оқушыларды жақсы оқып, ата- анамызға көмектесіп жүрсек, ол одан әрі гүлдене түсетініне мен сенімдімін!

4,6(56 оценок)
Ответ:

Менің сүйікті қалам Теміртау. Теміртау өте әдемі,үлкен,керемет ғимараттары бар қала. Темиртау қаласында Металлургия өндірісі дамыған. Мұз айдыны бар , мусулмандар мешіті бар, жаңадан ашылған Тұңғыш Елбасымыздың мұражайы бар. Қаламызда қысқы және жазғы бақтары бар. Әр ықшамаудандарда балалар ойын аландары бар. Теміртау қаласының бий өнері өте дамыған. Мәселен Вдохновение тобы барған сайыстарда тек қана жеңістермен оралады. Теміртау спорт аумағында бірінші орындарға ие.

4,6(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Manber
Manber
10.11.2022

Астана – ұлан   ғайыр  еліміздің   бас  қаласы,  әлем  таныған   жас   қала. 1996 жылы  Ақмола  қаласын  астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі  күмән  ойымен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым  күні  тәуелсіз  Қазақстан   жаңа  да  жас  қала –Астананың  атын бүкіл  әлемге  паш  етті. «Басы қатты   болса,  аяғы   тәтті»  деген  дана  сөз бар. Халқымыз  Қазақ  елінің  болашағы   үшін   барын  шаша  еңбек   етті. Астана  дамып, көркейе түсті.Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады. Гүлденген   Астанамыз   түрленген   жас  қаламыз – елдік   пен тұтастықтың   ғажайып   үлгісі.Ару  Астанамыздың  көрсе көз тартар –көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.Ару Астанамызда орналсқан әсем ғимараттың бірі – Пирамидаға  тоқталсақ оның ішінде былай қойғанда сыртының  өзі ерекше  бір әлем,  онымен қоса бас  қаладағы  ең  ғажайып,  әсем мұнара - Бәйтерек. Тіршілік  иелеріне  тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды  білдіретін  алып   мұнара  еліміздің   символына  айналған.  Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ жері көп екенін бәрімізге аян. Астанадай  ғаламат    қала   Қазақ   жерінің   мәңгілік    жерұйығына   айналды. Астана өзге елдермен  терезесі тең келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды.Астана бүгін де ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жетікізген жетістігің молайып, жайнай берсін.

Асқақтай  бер  Ару  қала-Астана, Еліміз  мәңгі  жасасын!

 

4,4(87 оценок)
Ответ:
g3force
g3force
10.11.2022

ответ:Жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.

Объяснение:

4,7(23 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ