- Қазақстан жерінде қаншаға жуық өзендер мен бұлақтар бар. ? - Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. - Қай өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. ? - Ертіс, Орал, Іле, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. - Қай өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. ? - Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана кеме жүзе алады. - Бұл өзендерде нелер тіршілік етеді? - Бұл өзендерде балықтардың бағалы тұқымдары тіршілік етеді.
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар өңірінде аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі болған асқан ойшыл,ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр әл-Фараби өмір сүрді.Оның балалық шағы Арыс,Сырдария бойында өтті . Әбу Насырдың өз құрбы-құрдастарынан бір ерекшелігі-табиғи асқан зеректігі мен өнер-білімге деген таудай талабы еді.Ол жас күнінен халық аузындағы ертегі-ангимелерди ,жыр- дастандарды,өлең-саздарды тыңдап,ой зердесіне тоқиды.Отырар медресесіндегі оқуды тауысып,ондағы аса бай кітапханадағы қолжазбаларды толық меңгереді. Әл-Фараби ана тілімен қатар араб, парсы,грек және басқа бірсыпыра тілдерді білген.Ол көптеген ғылыми еңбектер жазып,жаналыққа толы ойларын қалдырды.Замандастары әл-Фарабиді айрықша құрметтеп 《екінші ұстаз》,яғни《екінші Аристотель》 деп атаған.