М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Никита27031
Никита27031
15.03.2022 07:37 •  Қазақ тiлi

Нам надо 7-10 предложений на казахском про народные песни

👇
Ответ:
alexgreen5454
alexgreen5454
15.03.2022
Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, К-лер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларына бүгінгі күндері бекем енген. К. – қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. Оның түркі тайпаларына ортақтығын тілге тиек еткен Қ. Жұбанов К. сөзінің түбірін “көк” атауымен байланыстырса, М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, кейінгі зерттеушілер де осы пікірді қайталап келеді. Ал, Қашқари сөздігінде ондай дерек тапшы. Түрік сөздігінде (“Древне-тюркский словарь”, М. – Л., 1969, 312-стр.) “көк” сөзінің 11 түрлі мағынасы берілген. Бірақ бірі де ән-күй ұғымымен байланыстырылмаған. Күй – аспаптық шығарма. Оның күрделі не қарапайым болуы құрылымына және қандай аспапқа арналуымен анықталады. Мыс., сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Сыбызғы күйлерінің дамыған кезеңі 15 – 18 ғ. деп шамалауға болады. Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді. Сонау Қорқыт Ата заманынан бастау алған бұл шығармаларды бізге жеткізген Ықылас болатын. “Қазан”, “Қорқыт”, “Ерден”, “Айрауықтың ащы күйі” секілді туындылардың құрылымы өзара ұқсас. “Кертолғау” да, “Қамбар батыр” да А-В-С-В-D деген құрылым түзейді. Осының өзі қобыз күйлерінің белгілі бір композициялық желіде жасалатынын білдіреді. Ал оның негізінде муз. аспаптың мүмкіндігіне негізделген көркем ойлау жүйесінің жататыны белгілі және муз. мақамының арқауында жалпы қобыз дәстүріне ортақ сарын бар. Қобыз күйлерінің тектестігін білдіретін белгілердің бірі осы. Домбыра күйлерінің муз. образдары, құрылымы, орындау ерекшеліктері өзгешелеу. А.В. Затаевич жазып алған “Ақсақ құлан”, “Ескендір” секілді шығармалар К. атауының аспаптық музыка үлгілеріне қолданылғанын айқындай түседі. Құрманғазының от-жалынды “Сарыарқасы”, Жантөренің “Шалқымасы”, Дәулеткерейдің нәзік сезімді “Қос алқа” күйлері домбыра шығармаларының алуан сипаттығын көрсетеді. Күйдің өзіндік жанрлық ерекшелігі бар. Әрбір шығарманың өз атауы бола тұрып, олар жалпы К. деп аталады. Күйлердің бәрі бірдей бағдарламалық болмаса да көпшілігінің тақырыптық-суреттемелік сипаты басым келеді. Қазақ күйлерінің жанрлық сипатқа ие болуы – 19 ғ. Осы кезеңде қазақ даласында Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, т.б. шоқтығы биік күйшілер көрініп, аспаптық музыкамызды классик. деңгейге көтерген-ді. Домбыра күйлерінің құрылымы монотақырыптық болып келеді. Олардың бәріне бірдей 2 – 3 бөлімді немесе еур. музыкаға тән рондо, рондо-вариациялық деген анықтамаларды қолдану тиімсіз. К. өзіне тән түрлік ерекшелікке ие. Домбыра шығармаларын “күй” деген түр аясында таныған ләзім. Рондоға тән А-В-А-С-А-D деген құрылымдық жүйені домбыра күйлерінен кездестіру қиын. Қазақ күйлері – дара құбылыс. Олардың арқауында монодиялық жүйеге құрылған монотақырыптық принцип жатыр. Мыс., Құрманғазының “Балбырауын” күйі бір муз. тақырыптың түрлі пернелік басқыштардағы үш рет қайталауына негізделген: А-А2-А2. Осыған жуық көріністі Дәулеткерейдің “Қос алқа” күйінен де байқауға болады. Қазақ күйлері өзінің табиғатына сай екі салаға жіктеліп жүр: төкпе және шертпе. Мұның негізінде күйлерді орындау ерекшелігі жатқаны анық. Батыс Қазақстанға тән К-дің орындауы жылдам, суреттейтін образдары да өзгеше. Ал оңт. аймақтарға тән шертпе күйлер терең сезімге, филос. толғауға құрылады. Шертпе күйдің өзі де жіктеледі. Мыс., Арқадағы Тәттімбет пен Созақтағы Сүгір, Төлеген Момбеков 
4,7(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
glebshestopal
glebshestopal
15.03.2022

1 тапсырма

1.Ит , мысық

2.Арыстан, қасқыр ,аю т.б

3.Құлын - биенің жас төлі.

Жабағы - 6 айдан асқан құлын

Тай - жылқының бір жастағысы.

Құнан - жылқының екі жастағысы.

Дөнен - жылқының 3 жастағысы.

Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)

Бесті - жылқының бес жастағысы.

4.Торпақ-тана - бір жастан асқан төлі.

Баспақ - күзге қарайғы бұзау.

Қашар - бір жастағы ұрғашы сиыр.

Құнажын - екі жатағы төл беретін сиыр.

Дөнежін - табынға түскен ұрғашы сиыр.

Бесті сиыр - бірнеще рет бұзаулаған сиыр.

Кенже тайынша - жас сиырдың атауы.

Бұқаша - бір жасқа еркін толмаған тайынша.

Тайынша бұқа - бір жасар кезі.

Дөнен бұқа - табыңға түскеніне үш жыл болғаны.

Құнан бұқа - екі жасар кезі.

5.Түйе,сиыр, жылқы, қой-ешкі

6.барыс,қасқыр арыстан, түлкі

7.қымыз, жылқы еті

8.сүті, шудасы

9.еті,сүті тамақ жағынан, көлік ретінде пайдалану,

10.не знаю

Объяснение:

2 тапсырма

1. Қасқыр (лат. Цаніс лұпұс) — жыртқыш аң.

Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі.

2.не знаю

3.не знаю  

4,5(17 оценок)
Ответ:
swvw
swvw
15.03.2022

Өсуіне қарай:

Құлын - биенің жас төлі.

Жабағы - 6 айдан асқан құлын

Тай - жылқының бір жастағысы.

Құнан - жылқының екі жастағысы.

Дөнен - жылқының 3 жастағысы.

Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)

Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

Ат - піштірілген еркек жылқы.

Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.

Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.

Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.

Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.

Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.

Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.

Пішпе - піштірілген жылқы.

4,6(53 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ