Сөзшең,жуас,кір,тас
Антонимі:
Сөзшең – үндемес.
Жуас – тентек, пысық.
Кір – таза; шық.
Тас (тас тағдыр) – мейірімді; тас салмақ – жеңіл салмақ.
Синонимі:
Сөзшең – сөйлемпаз, сөзуар.
Жуас – момын, көнбіс.
Кір – былғаныш, лас; ену, келу.
Тас – мүлде, тіптен; ауыр, зілдей; қатал, қатыгез.
Тұрақты тіркес:
Сөзшең – аузына тыным жоқ, тілі аузына жұқпалы.
Жуас – қой аузынан шөп алмас.
"Кір" сөзіне қатысты:
Артына кір келтіру – қара есекке теріс мінгізу.
Бәле іздеу – тырнақ астынан кір іздеу.
"Тас" сөзіне қатысты:
Мейірімсіз – тас бауыр.
1) Перевод: "одежда не будет тяжелой как и продукты и ум."
Мағынасы:киім киіп жүргенің, күнделікті тамақ жеп жүргенің саған қиыншылық тудырмайды,сол сияқты ақылды да,білімді де қиыншылықсыз меңгеруге болады.Есесіне сен ақылмен көптеген биіктерді бағындырасың.Күнделікті киім кию,азықтану секілді ақыл үйренуді де әдетке айналдыр.
2) Перевод: "если будешь ухаживать за старой одеждой,значить сохранишь новую."
Мағынасы: бұл дегеніміз,мысалы,бүгінгі күні сен білім алып жүрсең,ол ертеңгі болашағыңның жарқын болуы үшін.Сол сияқты өткеніңде жіберген қателікті бүгінгі жаңа күнінде қайталамауға тырысуды білдіреді.
3) Перевод: "две ноги не залезут в один сапог".
Мағынасы:мінездері үйлеспейтін,мінезі қиындау екі адамның бір-бірімен тіл табыса алмауын білдіреді.
4) Перевод: "старая одежда -защитница новой одежды".
Мағынасы:бұл,менің ойымша,отбасындағы ата-әжелеріміздің балдарына, немерелеріне,жалпы ұрпағына берген тәлім-тәрбиесі.Яғни,олар өз көрген-білгенін кейінгілерге айтып,өмірде олардың жол сілтеуші,қорғаушылары атанады.