Қазақ халқы малды аса жоғары бағалаған. Түйені – байлық, салтанат, жылқыны – сәндік, мақтан, сиырды – ақтық, қанағат, қойды – қазына, мырзалық санаған.
1) Түйе – салтанат.Бұл дегеніміз халқымызда түйенің сән-салтанаттың, көркемдіктің нышаны екендігін білдіреді.
2) Жылқы – мақтан.Бұл халқымыздың жылқыны ерекше мақтан ететінін білдіреді.
3) Сиыр – қанағат.Сиыр малының сүті мол болғандықтан,оны қанағат тұталық деген сөз.
4) Қой – қазына.Қой біздің халқымызбен бірге етене өмір сүрді.Оның бізге берері мол болғандықтан,қазына саналады.
Пысықтауышқа мысалдар.
Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді.
Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш
2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш
3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш
4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш
5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш
Толықтауышқа мысалдар.
Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.
Мысалы: Атасы баласын (кімді?) шақырды.
Оған (кімге?) көмектесу керек.
Қасқырлар көк шолаққа (неге?) ауыз салды.
Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.
Анықтауышқа мысалдар.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? Қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.