М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Novaya22
Novaya22
07.05.2022 22:23 •  Қазақ тiлi

Мини сочинение на казахском языке про вид спорта с переводом на

👇
Ответ:
pankovakseniya
pankovakseniya
07.05.2022

Менің сүйікті спортым

Әр адамның өзінің талғамы мен икеміне сай спорт түрі бар. Мысалға, біреулер қарсылартармен жекпе – жекке шығып, күш сынасқанды ұнатса, енді кейбір адамдар керісінше, қарсыластарын логикасымен жеңгенді ұнатады, тағы біреулері жылдамдықпен байланысты спорт түрлерін жақсы көреді.

Осы орайда, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанау алғаш рет Ұлыбританияда пайда болған. 1763 ж. Лондонда Б.Вест мәнерлеп сырғанаудан алғаш рет өнер көрсеткен. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Жекелеп сырғанауда міндетті және еркін жаттығудан спортшы өзінің қабілеті мен шеберлігін көрсетеді, ал жұптасып сырғанауға жігіт пен қыз қатысады. Мәнерлеп сырғанауда қозғалыс түрлі болуы мүмкін: баяу, немесе жылдам. Музыканың ырғағына байланысты спортшы түрлі қимылдар жасайды: айналады, секіреді, мұз үстінде жүгіреді. Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.

Мен болашақта үлкен спортшы болмасам да, бұл спорт түрімен өзім үшін айналысамын, сонымен қатар осы спорт түрінен өткізілетін барлық жарыстарды үзбей көріп отырамын.  

4,4(34 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
VovkaGamer228
VovkaGamer228
07.05.2022

                       Көктем.

Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.

4,8(88 оценок)
Ответ:
runazh
runazh
07.05.2022
Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек. -С родней радостью поделишься – радости прибавится, горем поделишься – горе убавится.

Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды. -Никудышная родня успехам завидует, а в нужде не может.

Ағайын тату болса ат көпАбысын тату болса ас көп. -Братья в ладу – коней много, невестки дружны – еды много.

Жаман да болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз. -Хоть и дурной, да брат родной. Где же взять хорошего?

Мал қонысын іздейді,Ер туысын іздейді.-Скотина ищет свой хлев, джигит – свою родню.

Жақыныңды жат етсең,Жатқа күлкі боларсың.-Сторониться своих – стать посмешищем для чужих.

Әпкенің үйі – кең жайлау. -Дом сестры – раздольное джайляу.

Жаман туыстан жат артық.-Добрый знакомый лучше плохой родни

Ағайын бірде араз, бірде тату. -Родичи и ссорятся, и мирятся, но никогда не расходятся.

Туғаныңмен сыйы кең дүниеге сыймассың.-Кто с родней в мире не живет, в просторном мире места не найдет.
4,5(72 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ