М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
наталя09
наталя09
29.05.2021 23:56 •  Қазақ тiлi

Қазақ дастарханы напишите рассказ на эту тему 40 - 55 слов

👇
Ответ:
0508761681
0508761681
29.05.2021

Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде,  меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған.

Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл көргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін, өзінің ең дәмді асын қонағына сақтап отырады да, реті келгенде, оны дастарханға қояды. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, өрік-мейіз т.б. «Қонақ асы – қазақтың бөлінбеген еншісі» деген сөз бұрынғыдан қалған. Ерулік, қымызмұрындық, сірге мөлдіретер, соғым басы, көңіл шайы, келін шайы т.с.с. бас қосулардың мақсаты, тілек мүдделері қазақтың меймандостық ниетінен туындаған.

Қазақ – қонақжай халық., көңіл табуға шебер, дос жинауға құмар. Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ»,  «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ, ең алдымен, мал сойып, қан шығарған. Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Өте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған.

Сойылатын малды алдымен босағаға әкеліп, қонақтан бата сұраған. Сонан соң ғана ол сойылып, еті қазанға салынған. Етті мол етіп асу, қазыны қазанға бұзбай салу – үй иесінің келген қонаққа деген ниетін білдіреді. Ет піскенше мейманға кең дастархан жайылып, құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылады, қаймақты шай құйылады.

Қазақ дастарханының сәні – әрине, асылған ет. Еттің екі түрлі атауы бар: ұстаған ет және тураған ет. Алдыңғысы – қамырдың үстіне жақсылап жасалып, қонаққа тартылатын ет, ал екіншісі – қамыр мен етті майдалап турап, сорпа қосып араластырылған ет. Бұл, көбінесе, қарт адамдардың, қонақ кеткен соң отбасы мүшелерінің өздерінің жасап жейтін тағамы. Майда туралып, сорпаға араластырылған тураған ет әрі сіңімді, дәмді, әрі қалған еттің ысырап болуынан сақтайды.

Қонақ кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарханы мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақтың әр үйі өзімде «қонақтың ырыздығы» бар деп ұққан. Ел арасындағы мынадай аңызды айта кетейік. Ертеде ел ішінде бір отағасы жайлы «үйіне барған адамның артынан теуіп шығарады екен» деген қауесет тарайды. Осының анық-қанығын білгісі келген бір ер кісі әлгі адамның үйіне «құдайы қонақ» болып келеді. Үй иесі оның алдына дастархан жайып, барын қояды. Қонақ әбден тамақтанып, үй иесіне алғысын айтып, кетуге бет алады. Үй иесі де онымен жылы қоштасып, есік алдына шығарып салады. Сонда қонақ одан әлгі естіген әңгімесінің себебін сұрайды. Үй иесі оған күліп отырып: «Үйге келген қонақпен Аллаһ тағала оның нәсібін де бірге жібереді. Сондықтан қонаққа мен сол Аллаһ тағаланың соған арнап жіберген нәсібінің бәрін беруім керек. Ал кейде келген қонақ: «Болды, болды, әуре болмаңыз, қажет емес, жетеді», — деп қолымнан қағумен болады. Сондықтан мен Аллаһ тағала жіберіп отырған нәсібіме тосқауыл болған адамның артынан бір теуіп, нәсібімді алып қалуға тырысамын», — деген екен. Демек, әрбір қазақта қонақтың өз нәсібін өзіне аямай беру деген ұғым қалыптасқан екен.

Дастарханға қойған тамаққа мін тағып, «Мен мынаны жемеймін», «Мына тамақ менің денсаулығыма жақпайды» — деп отыру – үлкен әдепсіздік.  Сонымен қатар, дастарханнан сарқыт орап алу – дәстүрімізде бар әдет. Алайда, сарқыт алады екем деп дастарханды сыпыра-жайпап әкету ұят нәрсе. Қазақта «Біреудің жаясын жесең, ұшаңды даярлай бер» деген сөз де бар. Ол – өзіңді біреу дастарханға шақырып, ас-ауқатын берсе, сен де оған осындай құрмет көрсетуің керек деген сөз. Бұл – ел арасындағы туыстық пен ынтымақтықты нығайта түсудің бірден-бір нанымды жолы. Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Дастархан басында айтылған әңгіме дәмді, өнегелі, ал шешілген мәселе мен жасалған мәміле дәйекті болуға тиіс. Қазақтың бұрын-соңды бар мәселені дастархан басында шешуі де дастархан үстінің киелі екендігіне дәлел болады.

4,5(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Angelina937
Angelina937
29.05.2021
Керік
ӨңдеуБұл бетті бақылауGiraffeАмандық күйіConservation Dependent [1]Ғылыми топтастыруыДүниесі:AnimaliaЖамағаты:ChordataТабы:MammaliaСабы:ArtiodactylaТұқымдасы:GiraffidaeТегі:GiraffaТүрі:G. camelopardalisЕкі-есімді атауыGiraffa camelopardalisLinnaeus, 1758Range mapКерік (Giraffa camelopardalis) - ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейдедала керігі деп аталады.Giraffidae -Арабша – бәрінен биік. Керік – жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық , Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерін мекендейді.Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей ,жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500 – 1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес , мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны - жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа , әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Керіктің жүрегісүтқоректілердің ішінде ең үлкен болып саналады. Ол минутына 60 л қанды өткізіп, 12 келі тартады. Керіктің жүрегінің қысымы адамдыкінен 3 есе жоғары, яғни, 120*3.Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады.10-12 –ден топтанып, күндіз жайылады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде –тамызда күйекке түседі. Буаздық мерзімі 14-15 ай. Жалқы төл туады. Керіктер тұрған позиясында төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 мерт, ал салмағы 50 кг болады. Оны 6 айдай емізеді.Еті тағам , терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Қазіргі кезде Жирафтар ,негізінен , ұлттық саябақтарда кездеседі.[2]Денесі қысқа, мойны ұзын, (бірақ мойын омыртқасы басқа жануарлардай 7), биіктігі 5,5 м, салмағы 1000 кг. Қан қысымы басқа жануарлардан жоғары 220/160 мм с.б. Қан қысымының өзгерісін басынын жылдам қозғалысымен, үлкен мойын көк тамырының клапандары реттейді. Аяқтары ұзын, (алдыңғылары артқыларынан), мықты, (К. жылдам жүгіре алады), шоқтығы құйымшағынан биік. Еркектері мен ұрғашыларының түкті терімен қапталған 1 немесе 2 мүйзшелері бар. Түсі әртүрлі, жалпы ақ сары көріністе әртүрлі қара дактар орналасқан. Африканыңдалалық (саванналары) және орманды аймақтарында таралған. 10-12 бастан топ құрып тіршілік етеді. Ағаш жапырақтарымен қоректенеді. Ұрпағын 14-15,5 ай көтереді. Шілде мен тамызда ұйірге түсуі басталады.[3]КеріктерКерікЖираф (Gіraffіdae), керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Төменгі миоцен дәуірінен бері тіршілік етеді. БұларОрталық, Шығыс Африканыңоңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерлерін мекендейді. Жирафтың 2 туысы (Жираф және окапи), ал олардың бір-бірден түрі бар: 1) кәдімгі Жираф(Gіraffa camelopardalіs) — денесінің ұзындығы 2 м-ден асады, шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5 — 6 м-дей. Салмағы 500 — 1000 кг-дай болады. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ мойыномыртқасының саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, аяқтары сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяғынан ұзын, әрі мықты, жақсы жүгіреді. Жалпы түсі ашық сары, қара қошқыл дақтары болады. 10 — 12-ден (кейде 50 — 60-тан) топтанып жүріп, күндіз жайылады. Негізінен,акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде — тамызда күйекке түседі (буаздық мерзімі — 14 — 15 ай), жалқы төл туады, оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде Жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі; қолда көбейе береді; 2) окапи (Okapіa johnstonі) — биіктігі 2 м-дей, Салмағы 250 кг-дай. Мойны онша ұзын емес, құлағы үлкен. Аталығының мүйізінің сыртқы терісі жыл сайын өзгеріп тұрады. Түрі біркелкі қызғылт қоңыр, тек аяқтарында көлденең сары түсті жолақтары болады. Негізінен, ылғалды тропиктік орманды жерлерді мекендейді. Жеке жүреді. Жирафтың жаулары жыртқыш аңдар, әсіресе, арыстан. Жирафтың қазба сүйектері Қазақстандагиппарион фаунасы құрамынан табылған.
4,7(49 оценок)
Ответ:
ԺⱭNÍYⱭ
ԺⱭNÍYⱭ
29.05.2021

1Емен ағашы ол ағашпен түрлі түрлі асыл бүйымдар жасауға болады

2Алдыраспан ол өсімдік үйдегі бәле жаланы үйден қашырады оны түтатып әр бөлмеге аластау керек

3Қызыл қасқыр

 Қалқан асаймұса  

 Кәдімгі өрік  

Шолпаншаш сүмбілі  

       Көктем жанаргүлі  

 Линчевский кемпіршөбі  

 Ірі жапырақты алкор  

 Аққаңбақтүсті аллохруза  

 Жұмыр бозтүк  

 Корольков шаяноты  

Мияжапырақ таспа  

 Шегіршінжапырақ тасжаңғақ  

 Іле бөріқарақаты  

 Ірі гүлді шолпанкебіс  

 Секпіл шолпанкебіс  

 Сары лапыз  

 Кессельринг лапызы  

 Коопман өгейбұтасы  

 Қызыл қайың  

 Талас қайыңы  

 Ярмоленко қайыңы

Объяснение:

4,7(13 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ