Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде " Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан.
Мен сурет салуды ұнатамын.сондықтан бос уақытымда суреттер саламын,Мен пейзаждарды,портреттерді салуды ұнатамын.Жақынды әжем маған бір тапсырыс берді.Ол өзінің фотасын ұсынды да;-Қарашы,бұл менің жас кезімдегі фото,сен осыны саласың ба?-деді Қарасам әжем жас кезінде өте әдемі болған екен.Мен өзімнің мольбертімді алып оған бір акварельді альбомның қағазын салдым да кірістім.Бірінші қара қарындашпен әжемнің нұсқасын салдым,ол фотосында табиғаттың ортасында, бір талдың қасында тұр екен,сосын пейзажды салуға кірістім.Жайқалып тұрған шөптер,әдемі ағаштар осының бәрін суретімде бейнеледім.Бәрін қарындашпен салып болған соң,акварельді бояулармен боядым.Бір күн уақытым кетті,суретім ойдағыдай шықты.Әжеме көрсетіп едім,әжем қуанып рақметін айтты
Бір "әліп” мұнарадай көзім көрген, Екі "мәт”, екі "сәкін” оған ерген. Болғанда "иа”ден камал, нұрдан гауһар, Болады кім данышпан мұны білген. /Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/.
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша түрлі өсімдіктер, Барлығын билеп тұрған анасы бар. /Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/.
Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан, Он екі бұлағы бар шыр айналған. Ісіне таң қаламын құдіреттің, Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған. /Алпыс екі тамыр, он екі мүше/.