Менің елімнің ақшасы теңге. Теңге өзі қолданысқа келгелі бері сан өзгеріске ұшырап, біресе мәртебесі артып, біресе түсіп, әбігері шықты. Аянышты, дегенмен амал нешік? Қарапайым жандардың қолынан келер еш көмек жоқ. Шыда теңгем, шыда, сенің де күнің туар деп үміттенеді халқың, күт, бізде бірге күтеміз сенің жеңісіңді.
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.