М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Какое угощение можно принести на школьное чаепитие,на наурыз

👇
Ответ:
Lartenok
Lartenok
03.10.2021

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.

Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.

Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.

Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.

4,6(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Lololo567
Lololo567
03.10.2021

Қазақтың ұлы ағартушы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық-экономикалық институтының кітапханасы «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді.

Сайыстың мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың ғибратты туындыларын және асыл да рухани мұраларын жастарға кеңінен насихаттау.

Сайыс 3 номинация бойынша ұйымдастырылды:

1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ». Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу.

2. «Ойла, айттым адамдық атын жойма». Абай қара сөздерін жатқа, мәнерлеп, ой елегінен өткізу.

3. «Талаптың мініп тұлпарын». М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді. Ұлы ақын образын ашып көрсету мақсатында театрландырылған қойылым.

Аталмыш сайысқа 6 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр топ өз мамандықтары атынан шықты. Оның ішінде 2 топ – Өсімдік шаруашылығы және топырақтану мамандығынан, 2 топ - Механикаландыру және малшаруашылығы мамандығынан болды. Ал келесі топтар - Экономика және Қаржы мамандықтарының студенттері.

Барлық топ жақсы дайындалып, Абайдың өлендері мен қара сөздерін жатқа айтып, білімді де дарынды екендерін дәлелдей білді. Сонымен қатар М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан ақын бейнесін ашатын көрініс көрсетілді.

Дүбірлі сайысты қазылар алқасы қ жүйе бойынша бағалады.

Соның ішінде 1 орынды - табандылықпен Өсімдік шаруашылығы және топырақтану мамандығының «Мұрагер» тобы, 2 орынды - Мал шаруашылығы мамандығының «Болашақ» командасы жеңіп алды.

Қазылар алқасы бүгінгі сайыстың өздеріне қатты ұнағанын, бұндай шараның студент-жастарға үлгі-өнеге болатынын, әрі келешек ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беретінін ерекше атап өтті.

Шара барысында кітапханашылар ұжымы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, институт жастарына таныстырды.

Көрменің мақсаты – ұлы Абайдың асыл туындылары мен рухани мұрасын оқу ордасындағы білім алушыларға кеңінен насихаттау.

Сөйтіп, білім ордасындағы ғұлама Абайдай қазақтың ұлыларын ұлықтаған мәдени іс-шара өз мәресіне жетті.

Объяснение:

хз или нет

4,4(22 оценок)
Ответ:
bolbatunovao
bolbatunovao
03.10.2021

Айтыс - ауыз еждебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын той, ас, қыз ұзату, келин тқсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, белі паліандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той нызығы мен әәте. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес боле Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.

Объяснение:

;)

4,4(76 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ