Мен Ақтауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Ақтаудың орны ерекше.
Ақтау қала ретінде XIXғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Каспий жағалауы – Ақтаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Ақтауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді. Облыс орталығы болғандықтан ірі өнеркәсіп зауыттарынан алюминий, әсіресе мұнай, сүт өнімдерін т.с.с өндіріледі..
Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде , Ақтаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану- басты мақсатым.
Көктем туралы мақал – мәтелдер
1. Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.
2. Қысың қарлы болса —
Жер семіз.
Көктемің жаңбырлы болса —
Дән егіз.
3. Көктемеде жерге түскен бір дән.
Күзді күні мың дән болады.
4. Көктемгі әрекет, күзгі берекет.
5. Көктемгі жауын көп болса,
Көкпек шөбі мол болар.
6. Қыстағы алаудан
Көктемдегі шуақ артық.
7. Бір гүл – көктем емес.
8. Күзгі мұздың айнадайынан қашпа,
Көктемгі мұздың айнадайын да баспа.
9. Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.