Әлемдегі ең асыл-нан. Нан ең қасиетті құрметті тағам.Нан -тіршілік көрегі.Адамның күнделікті тамақ құрамында үнемі болатын қоректік заттың бірі --нан.Нан-жердің түлегі.Нан күннен нәр алады.Адамға күннің нұрын құяды.Адамның өмірін күндей жарқыратады.Нан- табиғаттың ең ардақты тартуы.Нан басқа нәрсемен алмастыруға болмайтын тамақ.Өзге тағамның бәрі тек нанмен дәмді,нанмен ғана қуатты.Ол барлық дәмнен тәтті.Қазақ ,,Ас атасы -нан ,,деп дәмнің үлкеніне балап ,аяқасты етпеуге тырысады.Нанды оң қолымызбен ұстап ,екі қолмен үзіп жеу керек.Кішкентай кезден бастап әке шешеміз ,,Нанның үстіне зат қойма ,, Нанды шашпа ,,деп үйретеді.Бұл дұрыс,нанды қадірлей білейік.
Достық Достық-адамдардың бір-біріне адал ,қалтықсыз сеніп,бір мүдделі,ортақ көзқараста болатын қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп ,өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос- жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін.Мысалы біреуінде қызбалык пен шабындық,екіншісінде тұйықтық пен жігерсіздік байқалса да ,бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық,екі жүзділік ,өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды.Қазақтын дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет.Достық бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтың құндылық.Дос табу оңай ,ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап , берік сақтау керек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
орын тубир нда септик жалгау