Мен 25 жыл әскерде болдым.біле білген кісіге бұл үлкен университет.осы 25 жылдың ішінде талай кездестім,сабақ алдым.талай генералдың қол астында жұмыс істедім,тәрбие алдым.өйткені командир деген әскери педагог қой. мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын.отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып,мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым.олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім.өз халқын құрметтеп,сүймеген опасыз,оңбаған .өз елінің бағасын білген ғана басқа елді қадірлей алады.өйткені халықтардың туыстығы алдымен ң өз халқына сүйіспеншілігіарқылы ғана келеді.мен өзге ұлттарды құрметтеуші,өз ұлтын сүюші!
Менің Президентім Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Бұл а қшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін біледі.Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, қуанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді.Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті,бейбіт өмір сүріп келеміз. Қаз тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әрі қарай дамуының басында бірінші күннен бастап осы кісі тұр. Кемені басқарған штурман да, бағыт көрсетуші де Елбасымыздың өзі, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. Нұрсұлтан атамыз балалардың үлкен досы.Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Соның бір дәлелі біздің сүйікті қаламызда Нұрсұлтан зияткерлік мектебінің таяу уақытта ашылуы. Менің арманым Президент атамыздың атындағы мектепте оқып,елімнің үмітін ақтау. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін.Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз!