М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
grachev791
grachev791
26.05.2023 00:19 •  Қазақ тiлi

Ңденсаулығына табиғаттың əсері қандай болғаны туралы əңгімелеңдер .

👇
Ответ:
Табигат денсаулыкка пайдалы . бала тыныс алады .таза ауаны жутады .Ден саулыгы узарады
4,6(13 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Anny2404
Anny2404
26.05.2023

«Қар — қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын».

Ақша қар — жаңа жауған таза қар.

Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.

Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.

Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.

Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.

Жылбысқы қар — ери жауған қар.

Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.

Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.

Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.

Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.

Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.

Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.

Қырбық қар — жұқа жауған қар.

Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.

Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.

Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.

Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.

Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.

Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.

Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.

Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.

Аяздың түрлері

Ақ аяз – жылы ауамен, бумен араласқан, аппақ, будақ-будақ аяз. Көк аяз – құрғақ аяз. Қақаған аяз – бет қаратпайтын қатты аяз. Құрғақ аяз – ылғалсыз, шыты­наған, суық аяз. Қызыл шұнақ аяз // шұнақ сары аяз – қатты құрғақ, бет қаритын, шыңыл­тыр аяз. Қытымыр аяз – қатты, шымшыма аяз. Сақылдаған сары аяз // сақырла­ған аяз – қаңтардың аяғы, ақпанның басында болатын сары аяздың күшіне мінген, күшейген кезі, шағы. Сары аяз – а) ұзаққа созылған қатты аяз; ә) ұзақ жылдарға созылған қиыншылық, ауыртпашылық. Түкірік жерге түспейтін аяз – ауа-райының суықтығы соншалық, адамның түкірген түкірігі жерге мұз боп түсетін, өте қатты аяз. Тымырсық аяз – желсіз күнгі шақпа аяз. Үскірік аяз – боранды, желді аяз. Шымшыма аяз – бетті қарып өтетін, шытқыл, шақпа аяз. Шыңылтыр аяз // шаңылтақ аяз // шақпа аяз – құрғақ, қатты аяз. Шытқыл аяз // шытынаған аяз – сақырлаған қатты аяз. Шытымыр аяз – қалың қар түс­кен­нен кейінгі құрғақ, шыңылтыр аяз.

4,8(83 оценок)
Ответ:
dilpiztalipova
dilpiztalipova
26.05.2023

Аш кісі ұрысқақ,
Арық қой тырысқақ.

Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.

Ақсақтың ақырына бақ.

Басы ауырып, балтыры сыздамағанның
Тәңірімен ісі жоқ.

Қотыр қолда, қола сақина.

Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.

Басы аманның малы түгел.

Демі бардың-емі бар.

Екі ауру бір келсе,
Ажалыңның жеткені.

Жалқаулық-жаман ауру.

Жұғын бар жерде-шыбын бар,
Шыбын бар жерде шығын бар.

Жан ауырса-тән азады,
Қайғы басса-жан азады.

Айдалаға атқан оқ,
Ажалдыға тиеді.

Өлім бар жерде-қаза бар.

Арық семіреді,
Ауру жазылады.

4,6(8 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ