Ұлттық валюта теңге туралы диалог құрастыру.
Інісі: Әпке, сіз білесіз бе, біз сыныбымызбен ұлттық мұражайда өтіп жатқан теңге көрмесіне барып, сол жерде қойылған ақшаларды тамашалап қайттық?
Әпкесі: Бәрекелді. Қандай әсерде болдың?
Інісі: Маған бұл серуен өте қатты ұнады, еліміздің тарихына бір сәт үңіліп, алғашқы теңгелердің қандай болғанын өз көзімізбен көріп қайттық.
Әпкесі: Сонда теңге жайлы не біліп қайттың?
Інісі: Қазақстан тәуелсіздігін алғанына 2 жыл толмай жатып, 1993 жылы 15 қараша күні теңгені ресми түрде ақша айналымына енгізген екен.
Әпкесі: Ия, 15 қараша ұлттық валюта күні ғой...
Інісі: Теңгенің ең алғашқы дизайны қалам, калька және тушь арқылы салынған екен,себебі әрлеушілердің қолында бұдан басқа ешқандай құрылғы болмаған.
Әпкесі: Бұл жайлы естімеппін, әйтеуір алғашқы теңгелер шетелде басылып шығарылғанын естіп едім, қай мемлекетте екенін ұмытып тұрмын...
Інісі: Теңгенің бірінші топтамасы Лондонда басылып шығарылыпты.
Әпкесі: Ия, енді есіме түсті. Осы басылып шыққан теңгені елге жеткізу үшін ұшақтармен 20-ға жуық әуе сапары жасалған екен.
Інісі: Алғашында теңгемен қатар тиын да айналымда болған екен, сол алғашқы қағаз тиындарды көріп қайттық. Маған бұл көрме естен кетпес әсер қалдырды.
– Әкешім,маған үй тапсырмасына көмектесіп жіберіңізші.
– Әрине,құлыным.Қане,көрсете ғой.
– Міне,мына тапсырмада метро туралы сұрақтар берілген.Соларға жауап жазу керек.Сіз көлік жүйесінен хабардарсыз ғой.
– Онда мен жауап беріп отырайын,сен дәптеріңе түртіп аларсың.
– Иә.Бірінші сұрақ:Метро дегеніміз не?
– Метро – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің бір түрі.
– Келесі сұрақ:Метро жолын қай жерлерде салынады?
– Метро жолын жер астында,жер бетінде не жерден көтеріңкі салынады.
– Ең алғашқы метро қай жерде салынды?
– Қателеспесем,Лондонда салынған болуы керек.
– Жақсы.Енді соңғы сұрақ: Қазақстанның қай қаласында метро бар?
– Алматы қаласында.
– Көп рахмет,әке!
– Оқасы жоқ,балам.
Домбыра сөзін Шөмер тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Домбыра қандай аспап?
Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, тағы қандай күйлер орындауға болады?
Домбыраның қандай түрлері бар?
Домбыраның қанша ішегі болады?