Объяснение:
KzRuQaz Басты бет Жаңалықтар Уақыт керуені Қоғам Экономика Өңір Басқада Басты бет > Басқада > Әдебиет Көшпенділер туралы шығарма Oinet.kz 01-01-2020 Қазақ халқы ежелде көшпенді халық болмаған. Сондықтан ол көбіне киіз үйлерде тұрған. Оның себебі киіз үй жазда салқын, қыста жылы болған, оның үстіне оны бір жерден, екінші жерге көшіру өте оңай болған екен. Қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығымен айналысуы оның көшнпенді болуына негізгі себеп болған. Ал мал баққанда қыстың күні жейтін шөп табылатын өңірлерге ауысып отырған. Оны қазақта былай дейді: жазда жайлауға, қыста қыстауға ... Көшпенділер мәдениетіне келсек оның қазіргі қазақ салт-санасынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ, себебі бізде әдет-ғұрып, салт-дәстүр дегеніңіз жақсы сақталған. Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы бәрімізге таныс болар. Кейіннен оның сюжеті бойынша қазақ халқының тарихы туралы керемет кино-картина жарық көрген. Ол әлем кино сахналарында көрсетіліп, ерекше ілтипатқа бөленген фильм саналады. Фильмде қазақ халқы туралы, оның тыныс тіршілігі, XVIIІ ғасырдағы мемлекеттік санасының қалыптасуы туралы оқиға баяндалады. "Көшпенділер" фильмінің басты назарына 18 ғасырда қазақ жерінде болған нақтылы тарихи оқиғалар, жоңғар жаулаушыларына қарсы қазақтардың азаттық соғысы алынған. Фильмнің негізгі тұлғалары – бізге тарихтан белгілі тұлғалар Әбілқайыр хан, Абылай хан, данышпан Төле би, жоңғарлардың қолбасшысы Қалдан Церен. Фильмнің басты кейіпкері - Мансұр халықты артына ерткен сарбаз жолындағы бар қиыншылықтардан өтіп, кейін Абылай хан атанады. Сүйген қызы - Гауһар есімді батыр қыздың арқасында адами қасиеттерін де жоғалтпайды.
Ойнет жаңалықтар сайты: https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=38&id=14882
© Oinet.kz
Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.
Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш. Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып қалады. А уақытын ұтымды пайдалана білгенде ғана көздеген мақсатына жете алмақ. Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қартаймай тұрып жастық шақтың қадірін біл, ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін біл, кедейліктен бұрын байлықтың қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос уақытты қадірле және өлмей тұрып, тірілігіңді ғанибет біл деген сөз содан қалса керек.