М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
амир299
амир299
26.05.2021 18:07 •  Қазақ тiлi

Найти рассказ " таза бұлақ" на казахском языке ! надо.

👇
Ответ:
lera192837465
lera192837465
26.05.2021
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш
қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, - деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, - деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, - деді.
4,4(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
milanagorbovsk
milanagorbovsk
26.05.2021

арал теңізі ғасырлар бойы планетамыздың ең үлкен континенттік сутоғаны ретінде белгілі еді. ол қазіргі қазақстан мен өзбекстан шекарасында жатыр. бірақ бүгінгі күні оның тартылып бара жатқандығы бізге сабақ болуы тиіс.

ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді юсуп камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – ерте ме, кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.

төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. бұл ара кезінде арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. бұл дегеніміз, батыс вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. ал арт жағымызда мойнақ қаласы жатыр. ол бір кездері қ консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая ған орын еді. тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна қ өндіретін. елу жыл бұрын арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.

4,7(70 оценок)
Ответ:
юля2521
юля2521
26.05.2021

қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. юнеско-ның жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том қтарға арналып, қтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. соның нәтижесінде соңғы қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. халықаралық табиғат қорғау одағының қызыл кітабын шығаруға құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

4,7(89 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ