Вокзал туралы.
Вокзал ғимараттары - жолаушыларға қызмет көрсетуге, көлік қозғалысын басқаруға арналған қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар кешені. Жалпы, вокзал дегенде көп адамдардың көз алдына теміржол елестейтіні сөзсіз. Үлкен қалаларда вокзал ғимараты күні – түні жұмыс істеп, жолаушыларға түрлі бағыттарға билеттер сатылады.
Қалаға пойызбен келген жолаушы қонақтардың қаламен таныстығы осы вокзалдан басталады. Вокзалда тек қана билет сатып алып қана қоймай, сонымен қатар кішігірім дүңгіршектерден керек – жарақты сатып алуға, ыстық тағам ішуге, шаш қидыруға, жүк қоймасына сөмкелерді қалдыруға, банкоматтан ақша шешуге болады.
Бастауышқа мысалдар.
Бастауыш - сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесі.
Мысалы: Жиналыс (не?) сағат жетіде аяқталды.
Анам (кім?) дүкеге кетті.
Кітаптар (нелер?) баспадан шықты.
Оқушылар (кімдер?) емтихан тапсырып жатыр.
Баяндауышқа мысалдар.
Баяндауыш - сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесі.
Мысалы: Қоңырау соғылды (не істеді?).
Дүкеннен азық – түлік сатып алдым (не қылдым, не істедім?)
Арман әлі ұйықтап жатыр (не істеп жатыр?).
Толықтауышқа мысалдар.
Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.
Мысалы: Атасы баласын (кімді?) шақырды.
Оған (кімге?) көмектесу керек.
Қасқырлар көк шолаққа (неге?) ауыз салды.
Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.