Шығарма
"Менің атым - Қожа"
"Менің атым - Қожа" - өзі де,сол шығарма негізінде түсірілген фильм де қазақ өнерінің биігінде тұрған шығарманың бірі.Ол киноны көрмеген бала,сірә,кемде-кем.Шығарма 1957 жылы Бердібек Соқпақбаевтың қаламынан туған еді.Және де өзбек,латыш,орыс,украин,француз,литва тілдеріне аударылған.
Повесте он екі жасар "Қара Көженің" мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары баяндалады.Ол қаншама бұзықтық жасады десеңізші?Төбелеседі де,сабақтан да қуылады,мұғалімнің сөмкесіне бақа салып,жиналыста тәртібі де қаралады,осылайша мектептен қуылуға шақ қалады.Қожа өзінің мінезін,тәртібін өзгертуге тырысады.Қожаның балалық махаббаты да оқырманға айрықша берілген.Ол сыныбындағы үлгілі,тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көрген еді.Ал мұғалімнің "Өскенде кім боламын?" деген сұрағына "жазушы боламын" деп армандайды.
Шығармада Қожа мен Жанардан басқа,Қожаның досы - Сұлтан,анасы,әжесі,Жантас,Майқанова,Оспанов,Қаратай және т.б кейіпкерлер бар.Олар қазақы ауылдағы аналық,әжелік мейірімді,пионерлер өмірін,сол заманғы қоғамдық тәртіпті жеткізе алды.
Біртуар режиссер Абдолла Қарсақбаевтың бастауымен 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы повесть бойынша фильм түсірген."Менің атым - Қожа" фильмі Лондон кинотеатрларында көрсетілетін болады деп жоспарлануда.
"Менің атым - Қожа" - сотқар бала тағдыры арқылы сол кездегі совет тұрмысын жеткізе білген туынды.
Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен.
Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген.
Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.Ахметтің әйелі Әмина Мәметова -Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
Өмірбаяны
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.