Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
В продуктовом магазине -Сәлематсыз ба сізде алты проценттік Айналайын сүті бар ма? -Бар,тағы не қажет? -Маған бір килограмм сары май мен бір килограмм қант беріңіз!Бағалары қандай екенін білуге бола ма? -Сүт үш жүз тенге,ал майыңыз бесжүз теңге,қантқа екі жүз теңге бересіз! Барлығы мың теңгеге шығады -Мінікей ақшаңыз,Рахмет! -Рахмет! Сау болыңыз! В продуктовом -Здравствуйте у Вас есть шести процентное молоко Айнайлайын? -Да есть, что еще желаете? -Дайте мне 1кг сливочного масла и 1 кг сахара,А сколько они стоят? -Молоко 300тенге,масло 500тенге а сахар 200 тенге И всего 1000 тенге -Вот деньги -И вам Досвидания!