М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Zhuravl220
Zhuravl220
06.11.2022 08:58 •  Қазақ тiлi

Сочинение по казахском на тему көбелек

👇
Ответ:
Viktoria727
Viktoria727
06.11.2022
Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді.

Көбелектер аралардан кейінгі тозаңдандырғыш. Көбелектер табиғатын зерттейтін ғылым «лепидоптерология» деп аталады. Ең ірі көбелек қанаты 30 см болатын «Attacus aitas» түнгі көбелегін жиі құстармен шатастыратын көрінеді.

Ең шыдамды көбелек – «Монарх». Ол мыңдаған шақырымдарды тоқтаусыз ұшып өтеді.

«Монархтың» жылдамдығы сағатына 12 шақырымды болады екен. Тіпті сағатына 31 шақырым ұшып өтетін түрлері де кездесетін көрінеді. Көздің жауын алатын әсем жәндіктердің бір құпиясы – олар күннің сәулесі болмаса ұша алмайды. Бір қызығы, көбелектің қанаты түссіз мөлдір болады екен. Күн сәулесі мен сан – алуан гүлдер тозаңынан түзілген ғажап түстер, қаттылау нәрсеге тисе немесе қажалса түсіп қалады.

Көбелектердің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек) атты төрт кезеңнен тұрады. Жұмыртқасы әртүрлі формада болады: шар тәрізді, дөңгелек, цилиндрлі және көпбұрышты бола береді. Ол көбелек түріне байналысты болады. Көбелектер өз жұмыртқаларын бір жерге көп жылдар бойы сала береді. Бұл жәндіктер ешуақытта ұйықтамайды. Азия және Оңтүстік Америкада бұл ғажап жәндіктерді деликатес ретінде де пайдаланады. Осынау құпиясы мол жәндіктің ең күрделі мүшесі – көзі, ол 6 мың майда бөлшектерден тұратын линза секілді.

Көбелектер тек Антарктидада ғана болмайды екен. Олар өте ежелгі дәуірде пайда болған жәндік. Осыдан 3,5 мың жыл бұрынғы Египет аңыздарында көбелектер жайлы айтылыпты.

Олардың дәм сезу мүшелері аяқтарында орналасады екен. Көбелек коллекциясын жинаумен Набоков, Ротшильд, Булгаков, Мавроди секілді танымал адамдар айналысқан.

Көбелектердің жұмыртқалау кезеңі бірнеше күнге ғана созылғанымен, олар мыңдаған жұмыртқа шашады. Негізінен барлық шынжыртабандар құрлықта өмір сүреді, алайда олардың сулы жерде де тіршілік ететіндері болады. Оларды кеңқанатты көбелектер деп атайды.

Жалпы бұл әсем жәндіктердің ғұмыры қысқа – бірнеше күн ғана. Дегенмен олардың ішінде ұзақ өмір сүретіндері де бар. Ол Брикстон көбелегі. 10 ай өмір сүреді. Бұл жәндіктер арасында сирек кездесетін түрі «Ханшайым Александарның желкені» деп аталатын көбелек. Ғажайып көбелек Жаңа Гвинеяның Папуа аймағында бірлі-жарым кездеседі. Көбелектің аталған түрі жойылып кетудің алдында тұрған көрінеді.

Сан-алуан ғаламат бояуларымен ерекшеленген көбелектертің көптеген түрі Қызыл кітапқа енген. Олардың ішінде ауылшаруашылығына зиянды түрлері де кездеседі. Бұл ғажап жәндіктердің ішінде өмірінің соңғы кезеңінде мүлде қоректенбейтін түрлері де болады екен. Олар шынжыртабан кезінде жинақтаған энергиясымен соңғы сәттерге дейін жүре береді екен. Орыс аңыздарында тіршілігінде сиқыр немесе көріпкелдікпен айналысқан әйел адамдар о дүниелік болғанда көбелекке айналады деген ұғым бар екен. Ал қазақта «жеңіл жүрістілерді» түнгі «көбелектерге» теңеп жатады.

Ең кішкентай көбелек – «Көк Карлик», оның қанатының ұзындығы бар болғаны 1,4 см.

Ресей мен Сібірде көбелектің кең тараған түрі – Павель көзі. Оның қанатының жоғарғы бөлігі қызыл күрең түсті, шеткі бөлігінде адамның көзі тәріздес кескін болады.

Бір қызығы өзінің көз тойғысыз қызыл-жасыл түсімен адамдарды қызықтырып, әсіресе балаларды баурап алатын осынау әсем жәндіктер тым қысқа өмір сүреді екен.
4,4(32 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
сема10
сема10
06.11.2022

Қазалы ауданы — Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Орталығы – Әйтеке би кенті.

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 30–32 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді.

4,7(26 оценок)
Ответ:
shahanovaoksan
shahanovaoksan
06.11.2022

Үш жүз миллион жыл бұрын мұнда нағыз тозақ билеген. Ерекше күш күштері пластилиннен жасалған сияқты мыжылып, жыныстарды жыртып тастады. Бакханалия 150 миллион жылдан астам уақытқа созылды. Дәл осы кезеңде тереңдікте минералдың елуге жуық түрі қалыптасты.

Содан кейін ұзақ уақыт тыныш өмір басталды. Жайық қартайып, шіри бастады. Енді жартасты тауларды тек солтүстікте және Челябі облысында көруге болады. Жотаның ені 40-тан 150 шақырымға дейін созылады. Ең биік шың - Народная тауы - Жайық Оралында орналасқан. Оның биіктігі 1895 метрге жетеді. Тау стандарттары бойынша көп емес. Бірақ территория әлі күнге дейін көркем және пайдалы қазбаларға бай.

Орал жотасы бірегей, өйткені ол екі континенттің - Еуропа мен Азияның шекарасы болып табылады. Мұның ғылыми негіздемесін географ Василий Татищев келтірді. Ол таудың табиғи климаттық және ботаникалық шекара, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттер мен этникалық топтар тоғысатын жер екенін дәлелдеді. Әкімшілік шекаралардан айырмашылығы, Жайық шекарасы бәріне ашық. Оны кесіп өту үшін сізге виза қажет емес.

Оралда көптеген туристік маршруттар бар. Қорықтар мен ұлттық саябақтар - нағыз қазына. Рафтингке арналған өзендер, суға түсуге арналған көлдер бар. Үңгірлер мен ерекше табиғи түзілімдер бар. Ежелгі қалалар мұражайларды шақырады. Экспозициялар минералдар мен сәндік тастарға бай. Сондай-ақ, билік орындары мен құпия жерлер де бар. Туризм тұрғысынан Жайық таусылмайды!

4,6(85 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ