Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
Таң бұзып тынышымды жіберді деп, жазғы түн кетерінде түнерді кеп. Жер-ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп. Гүл бөлеп хош иіске атырабын, ағаштар жайып салды жапырағын. Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, - өзенде мың бұралып жатыр ағын. Төсінен терсек тағы қызғалдақты, басында заңғар таудың ызғар қапты. Шыдамай жаздың жастық жалынына, ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты. Сұлулар суға барған сайға бұғып, қарайды көлдің бетін айна қылып. Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа бересің жан біткенге жайдарылық!