Менің жақсы көретін құсым аққу. Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде санаған. Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген. Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс. Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
Сыйлықты қалай қабылдаған жөн? Кейбір кісілер берілген сыйлықты басқа жаққа алып қояды да, қонақтар кеткен соң ашып көреді. Өзгелер сыйлықты алысымен ашып көріп, оны берген адамға өз ілтипатын айтып жатады. Қонақ қуаныш иесінің көңілінен шығу үшін уақы-тын бөліп сыйлық іздеп, таң-дап, әуреленгендіктен өзіне жылы лебіздерді білдіргенін, сыйлығын құрметпен қабыл-дағанын қалайды. Сол себепті, сыйлықты ашып көрудің айыбы жоқ.
Сыйлық талғамыңнан шық- паса да оған ренжімеуге, күлімсіреп қабылдауға, рах- мет айтуға тиістісің. Сый- лықты немқұрайлы қабыл-дауға, бағасын сұрап, басқа сыйлықтармен жұрт көзінше салыстыруға, пайдалы, пайдасыз екенін айтуға болмайды. Сыйлықты қайтып беру де - әдепсіздік, оны ұсыну-шыны сыйламаушылық. Сый- лық әкелмеген қонақтарды сөкпейді, оларға да басқалар-мен бірдей құрмет көрсе-теді. Үлкен тойларда тілек айтқаннан кейін сыйлықты арнайы мүйістегі стол үстіне қойып, оған аты-жөні, тілегі жазылған құттықтау открыткасын қыстырады.
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?