"Талай да талай шыңды астым,
Тастағы гүлмен мұңдастым.
Қарағайлармен құрдаспын,
Қайыңдармен сырласпын.
Тайсалмай өзім тауда өстім,
Таласар, қане, бар ма ешкім?!" деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай мен Қазығұрт тауының етегінде туып - өстім.
Таулардың, шынымен де, бір беймәлім сыры бар сияқты. Осынау асқар тау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.
Тауда бір рет болған адам оны мәңгілік жүрегінде сақтап қалады. Таудан қуат алып, оның алыбы мен сұлулығына тәнті болары сөзсіз.
Тау етегінде орналасқан ауылымыздың табиғаты да ерекше. Жылдың қай мезгілі болмасын тауға шығып, шынығып, қуат алғанды ұнатамын. Таудан сылдырап аққан мұздай суды ішіп, шөлімді бір қандырамын.
Объяснение:
Менің сүйікті ойыншығым туралы.
Әрбір балада көптеген ойыншық түрлері болатыны сөзсіз – ата – анасы, әжелері мен аталары, ағалары мен апалары туған күн, жаңа жыл, мереке секілді күндері түрлі ойыншықтар сатып алып беріп жатады. Менде де бөлмемде ойыншықтарымды жинайтын шкафта бос орын жоқ. Дегенмен, осы көптеген түрлі ойыншық ішінде менің сүйсініп ойнайтын ойыншығым - ол ағаштан әзірленген біздің ас үйіміздің кішігірім көшірмесі. Ата – анам туған күніме сыйлаған болатын. Әкем оны өз қолымен ағаштан жасап, сыртын арнайы ойыншықтарға арналған боуямен бояп берген болатын. Қолдан жасалған ойыншық болған соң өзіме аса ыстық. Барлық есіктері ашылып, шкаф ішіне ойыншық ыдыс – аяқты жайғастырып қоюға болады. Тіпті тоңазытқыш пен ас әзірлейтін пеш те бар. Сабақтан бос уақытта осы ас үй ойыншығымен ойнағанды ұнатамын. Түрлі тамақ әзірлегендей елестетіп ойнаймын. Одан қуыршақтарым мен жұмсақ ойыншықтарымды отырғызып қойып, оларға «пісірген» тамақты беріп, ойнағанды жақсы көремін. Анам тамақты өте дәмді әзірлеп, неше түрлі тәттілер пісіреді. Мен де бой жеткенде анама ұқсап тамақты дәмді әзірлеп, отбасымды қуантқым келеді.Ал әзірге мен тек үйреніп, анамның істегенін қайталауға тырысып жүрмін.