М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
andreyzher777
andreyzher777
22.02.2022 17:43 •  Қазақ тiлi

Текст небольшой по казахскому на тему казак кол омере 9класс. напишите побыстрей.

👇
Ответ:
Anasha12
Anasha12
22.02.2022
Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды обл-нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 – 8 ғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады. Ағаш ұсталары сан алуан сүйектен ою-өрнек салынған үй жиhазын, ыдыс-аяқ әзірлеуде асқан шеберлік көрсетіп, ол үшін көгеріс геом. өрнек түрлерін пайдаланған. Ер адамдардың жорыққа, аңшылыққа, әйелдердің салтанатқа киетін киімдері аң-құстың бейнелері өрнектелген (күміс, алтын, металл құймалар) оюлармен безендірілген. Әшекейлер салу, кесте тігу, қалың мата (барқыт, шұға) жапсыру арқылы да жасалады. Алматы обл-ның Есік обасынан табылған (б.з.б. 6 – 5 ғ.) сак жауынгері киімі (“Алтын адам”) алтын қаптырмалармен және хайуандардың құйма бейнесімен безендірілді. Қ. қ. өзінің ғасырлар бойғы мұраларын жан-жақты игеріп, көршілес халықтар мәдениетінің озық үлгілерін бойына сіңіріп, үнемі жаңарып, үздіксіз дамытылып отырды.
4,6(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Анютка0055
Анютка0055
22.02.2022

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан  аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар 20 ғасырдың 20 – 30-жылдары пайда болды. 1929жылы Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырыды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы  өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу  – Көкжайлау – Үлкен Алматы көлі  жағалауына дейін барды. Туризм нің бұл түріне В.Зимин , А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты.

4,8(38 оценок)
Ответ:
buchelnikova84
buchelnikova84
22.02.2022

1.С(заттың қимылын,іс-әрекетін білдіреді.)

2.Д(Қызғыш құс)

3.С(сөз мағыналарын,сөздік қор мен сөздік құрамды)

4.А(уәзір,болыс,ояз)

5.В(біріккен сөздер)

6.Д(Ш.Уәлиханов)

7.С(төрт,ел,құрт,аға)

8.А(өгіз)

9.Е(Жастарға)

10.В(Мұқағали Мақатаев)

11.С(бала-шаға, келін-кепшік)

12.А(1997 жылы)

13.Е(Павлодар)

14.В(А.Байтұрсынұлы)

15.А(Синтаксис)

16.В(Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен)

17.Д(қара көйлек)

18.Д(табиғатты суреттеу)

19.А(өте кішірейтіп жеткізу)

20.Д(ат-тон)

21.С(Болат)

22.Незнаю

23.Е(Ибраhим)

24.Е (Қазақ батыры)

25.Незнаю

4,6(77 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ