Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды.
Қазақтың ақыны, ағартушы-демократы Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893–1920) - 28 қазанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданында туған. 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
Ғарыш – бұл шексіз кеңістік. Мен жұлдыздарға қарағанды жақсы көремін! Жылтылдап тұрған ғажайып шамдар кез-келген адамды таң қалдырады. Оларға қарап ерекше шабыт, ұмтылыс сеземін. Мені: «Бұлттардың артында не бар?» деген сұрақ қызықтырады. Бұл сұраққа жауап беру өте қиын, өйткені, ғалам өте үлкен, оның нақты мөлшері ешкімге белгілі емес. Біз оның аз бөлігін ғана зерттей аламыз, себебі, технологиялық мүмкіндіктеріміз шектеулі. Астрономдар, заманауи телескоптардың көмегімен, басқа ғаламшарлар мен жұлдыздарды үнемі бақылап отырады. Осы зерттеулердің нәтижесінде, көптеген ғылыми жаңалықтар ашылды. Біз Күн жүйесі жайлы және метеориттер мен кометалардың қалай пайда болатыны туралы білеміз. Бүгінгі күнде, ғарышта көптеген жасанды жер серіктері бар, олардың көмегімен теледидар, телефон және радио байланыстары жүзеге асырылады. Болашақта, Жер сияқты тіршілік иелері өмір сүретін планета табылады деп ойлаймын