М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Malika274
Malika274
24.02.2021 16:34 •  Қазақ тiлi

Напишите сочинение на казаском менин атым кожа

👇
Ответ:
GordienkoA20
GordienkoA20
24.02.2021
«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін. 
«Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам. Ендеше, қазіргі Қожаның сөз саптасынан, жүріс тұрысынан сары атырапта үдере көшкен қаймана қазақтың паң, сабырлы мінезін тани аламыз ба? Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп ойлайсыз?
Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын?!
Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар деппін-ау студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.
Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды:… Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері...» деп емірене толғанбаушы ма еді?!
Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр емес пе. Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл дүние-ау… 
Бүгінгі тілдің бұл бейнесі қазіргі қазақтың жан дүниесінің айнасы болар, бәлкім...«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп пе еді?! Қорқам, келешектен қорқам…
Туған даласын сүйген, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына асығатын Қара Қожа қайдасың?
4,7(74 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Адамгершілік дерсіз. Адамгершілігі мол адам деп қиналғанда, басыңызға қиын жағдай туғанда қасыңыздан табыла білетін, өзгелерден өзін жоғары санамайтын, үлкенмен де, кішімен де жақсы қарым-қатынас жасай алатын адамды айтамыз. Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді. Сайып келгенде адамгершіліктің өзі мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ойдан бастау алады.

Тазалық дерсіз. Тазалықтың екі жағы бар, бірі – тән тазалығы, екіншісі – жан тазалығы. Тән тазалығын былай қойғанда, жаны таза адам деп ешкімге жамандық ойламайтын, бөтен ойы жоқ, ниеті ақ, пейілі кең, әр нәрсеге адалдықтың көзімен қарайтын, қиянатсыз адамды танимыз. Бұл тазалықтың ар жағында мінез, жүрек, мейірімділік пен таза ой жатқанын білесіз бе?

Қарапайымдылық дерсіз. Қарапайымдылықтың белгісі адамның өзін өзгелерден артық ұстамау, бәрін бірдей тең дәрежеде көру екені мәлім. Бір сәт ойланып көріңіз, қарапайым жан қалайша мінезге бай, жүрегі кең, мейірімді, таза ойдағы адам болмауы мүмкін?!

Арлылық дерсіз. Ар-ұят адамның ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Өлімнен ұят күшті» екенін терең түсінген адам қашан да өз ісіне жауап бере алады. Намысшыл, ары биік, ұятты жанды мінезсіз, жүрексіз, мейірімсіз, таза ойдан ада деп айта аламыз ба?

4,5(86 оценок)
Ответ:
LymarIvan
LymarIvan
24.02.2021

Он жетінші қарасөз Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен тұрады. Абайдың бұл қарасөзі оның ғылым, ақыл, жүрек туралы өлеңдерімен мағыналас болып келеді. «Әуелде бір суық мұз, ақыл зерек» атты өлеңі мен он жетінші қарасөздің мазмұны бір. Ақын өлеңде айтқан пікірін қара сөзде дамытып, аша түседі. Бұл Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қарастырып, оны оқырманының ой-санасына жеткізуді мақсат ететіндігін, алған бағытынан ауытқымайтынын дәлелдейді. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әрқайсысы өзін бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді Абай.

4,6(62 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ