Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.[1]
Дәйек сөз, негізінен, ба з материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады
Әл-Фараби кітапханасы — Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрады.
Кітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы.
Тарихың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал əйелдер мен балалар жəне қарт адамдар кйізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа жəне соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты жəне доңғалақтары құрылысының əртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне аттар жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін.
Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.
Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған.Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызcтан, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:
парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендҚоғамыСақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:
жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.
МәдениетіСақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.еушілер.