Жайнагүл: Сәлеметсіз бе, көке! Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Жандарбек: Рахмет, жаным! Қалдарың қалай? Балалар өсіп жатыр ма?
Жайнагүл: Ия, бәрі аман – есен, ақырындап жүріп жатырмыз. Балалар сабақтан енді келу керек. Бізді мақтап жүреді екенсіз, тура тамақтың үстіне келдіңіз. Қолыңызды жуып, жайғаса беріңіз.
Жандарбек: Ауыл – аймақ аман, мен жұмыспен келгендіктен, апаларың ауылда қалды. Ертең жұмысым бітсе, қайтуым керек.
Жайнагүл: Бірнеше күн жата тұрмайсыз ба. Демалыс күні сіз «ауылдан келді» деп туыстардың басын қосып, қонақ шақырып жіберейін. Қалада білесіз ғой, жұмыс күндері көбісінің қолдары тимейді.
Жандарбек: Көңіліңнен айналдым, алтыным! Әуре болма, қонақты келесі жолы шақырарсың. Әлі талай келемін ғой.
Жайнагүл: Ол не дегеніңіз, ешқандай әуре емес.
Жандарбек: Осының өзі қонаққа келгенімдей, құшақ жая қарсы алып жатсың.
Жайнагүл: Міне, отағасы мен балалар да келді. Қолдарыңды жуып, аталарыңа сәлем беріңдер. Сосын барлығымыз отырып, тамақ ішейік. Өзім білгендей бүгін ет асып едім. Сосын жаңа піскен тәтті бәліштермен ыстық шай ішейік...
Дос деп ойлап құшқаным, Болып шықты-ау дұшпаным (Өтебайбойлақ Тілеуқабылұлы баба)
Жылуы болмаса түбіт қасиетсіз, Жігері болмаса жігіт қасиетсіз. Иманы кеткеннің жиғаны кетеді. Саналы адам сағыңды сындырмас, Санасыз адам жағыңды тындырмас. Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын. Ол әрқашанда сенімді. (Шерхан Муртаза *Қызыл жебеден*)
Қазақ елі мен үшін әлемдегі ең ғажап жер.өйткені қазақ еліне тән сұлулық,ұлан ғайыр алап қазақтан басқа ешкімдеде жоқ.мен елім мен мақтанамын және оны құрмет тұтып елім үшін қызмет етемін.қазақ елінің өзіне тән ата салты ,дәстүрі,наным сенімдері бар.әрқайсысына үңіліп қарасаң түбінде үлкен рух,үлкен мән мағына жатыр .осындай тәуелсиз,бейбіт елде тұрып жатқан әрбір пен де өте бақытты..және осындай мәртебесі бар қазақ халқы да армансыз жандар.қазақтар дүние жүзінде ойым алатындай орны бар кайратты да батыл халық.Біз Қазақтар әрқашанда дос болғанға құшақ жайлар туыспыз,қас қылған ға қыйып түсер қылышпыз .
«Қонақта» тақырыбына диалог құрастыру.
Жайнагүл: Сәлеметсіз бе, көке! Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Жандарбек: Рахмет, жаным! Қалдарың қалай? Балалар өсіп жатыр ма?
Жайнагүл: Ия, бәрі аман – есен, ақырындап жүріп жатырмыз. Балалар сабақтан енді келу керек. Бізді мақтап жүреді екенсіз, тура тамақтың үстіне келдіңіз. Қолыңызды жуып, жайғаса беріңіз.
Жандарбек: Әрине, сендердей балаларымды мақтамағанда, қайтем?
Жайнагүл: Ауыл бәрі тегіс аман ба? Апам қалай?