Қоршаған ортаның тазалығы менің түсінігім бойынша барлық адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Таза ұстау қазіргі таңда экологияны яғни, қоршаған ортаны қорғау ең басты мәселе болып отыр. Қоршаған ортаны ластауға, зиян келтіруге жол бермеу керек. Жануарларға, өсімдіктерге қиянат жасамауымыз керек. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, сақтау әр адамзаттың міндеті деп ойлаймын. Өз денсаулығымызды сақтау үшін қоршаған ортаға жақсы әсер беруіміз керек. Ауаның ластануымен күресу, суды және ауыз суды ластанудан қорғау керек. Біз адамдар барлық сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әсемдікті табиғаттан үйренеміз. Біз де табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауымыз керек. Қазіргі біз өмір сүріп жатқан әлем қоқыстың құрсауында қалып отыр деуге де болады. Өйткені шірімейтін тұрмыстық қалдықтардан зардап шегеміз. Қанша ғасыр өтсе де, еш бұзылмайтын пластикалық бөтелке, полиэтилен қалталардың залалы климатты өзгертуге дейін ықпал етіп отыр. Біз көбіне полиэтилен пакеттерді, пластикалық ыдыстарды көп қолданамыз. Ыдыс, пакеттер жылдам жарамсыз болып қалады. Осындай қоқыстарға көміліп қалмаудың жолы – табиғи өнімдерден жасалған заттарды адамдар қолданса деймін. Менің ойымша, әр адам өз жүрген жеріне көңіл бөліп, тазалық сақтап жүрсе, біздің денсаулығымыз да жақсарады. Денсаулық – баға жетпес асыл зат. Сол себепті денсаулығымызды ерте жастан барынша күтейік, достар
Объяснение:
Қазірде көбі бос уақыт пен денсаулықтың қадірін, өкінішке орай түсінбейді дер едік. Әсіресе, уақыт мәселесіне өте самарқау қарайтын сияқтымыз. Өйткені бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. «Достым(құрбым), не істеп отырсың?» - деп телефон шалсаңыз: «Әй, жай уақыт өлтіріп отырмын», не «Теледидармен уақыт өлтіріп отырмын» - деген жауапты көп естиміз...
Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал жарты сағатымды қайтарып беріңіз онда» депті. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне салғырт қарамағандығын дәлелдеген.
Рас, уақыттың бұдан да басқа жаулары өте көп-ақ. Көп сөз, көп қыдыру да солардың қатарында. Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Осы орайда «Рахат – рахатты тәрк етуде» деген шығыстық аталы сөзінің мәніне тоқтала кеткен де орынды. Ол қазақтың «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» дегенімен үндес. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек. Уақытын бекер, ойын-күлкімен дүниеқорлықтың көшіне ілесіп, бірін-бірі сыйлау, құрметтеуді ұмытып, өсектегені ананың қызметте көтерілгені, мынаның тұлпар алғаны немесе артық ақша тауып байығаны туралы желікпен өткізген жан кейін өкінішпен бармақ тістемек дейміз. Абай атамыз да өзінің қара сөздерінің бірінде: «А жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде 1 күндік өмірді бар жиған малына сатып алуға таба алмайды» - деген...
Осы алдамшы өмірде тура жолдан адаспай, бір-бірімізге серік бола білейік, мұсылман ағайын. Әріден соң өз заманымызды өзіміз қолдан жаман қылмайық!