М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Берілген сөздерді пайдаланып, өз елің туралы шағын әңгіме құра. не менее 40 слов.

👇
Ответ:
hfhfhjfy
hfhfhjfy
26.08.2021

Менің Отаным - Қазақстан.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан, яғни мен егеменді Қазақ елінің азаматымын. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатқанымды мақтан етемін..

"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны мен мәртебесі бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.

Осындай кең байтақ жерде дүниеге келіп, батыр бабаларымыздың ұрпағы болғаным - мен үшін үлкен мақтаныш. Болашақта ер жетіп, Отанымның саясаты мен экономикасының дамуына бар күш - жігерімді арнағым келеді.

Сондықтан менің тілегім - еліміздің аспанында әрқашан бейбітшілік қыраны қалықтап, туған жеріміз одан әрі гүлденіп, көркейе берсін!

4,7(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
aaaddd1988
aaaddd1988
26.08.2021

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде.

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға, Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында? Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында, Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да. Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі! Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.

4,7(68 оценок)
Ответ:
tolkynd17
tolkynd17
26.08.2021

ответ:Абай (Ибраһим) Құнанбаев  — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай 23 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.

Көзімнің қарасы, Әсемпаз болма әр неге, Ғылым таппай мақтанба, Сегізаяқ, Құлақтан кіріп бойды алар, Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы, Интернатта оқып жүр

Объяснение:

4,7(46 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ