М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
14.03.2022 19:10 •  Қазақ тiлi

Эссе на казахском языке на тему"моя будущая профессия-врач"

👇
Ответ:
078901234567
078901234567
14.03.2022

Болашақ мамандығым - дәрігер

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі жар таңдағанда, екіншісі мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.

4,5(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Lora20060
Lora20060
14.03.2022
Жаңа технологияларға таңғалудан қалып барамыз. Əлемнің əр түкпірінде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Осы саланың мамандары ойға сыймайтын жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Мысалы, адам өмірін жеңілдететін роботтарды алайық. Робот – адамға тəн іс-əрекеттерді орындайтын, арнайы бағдарлама немесе басқару пульті арқылы басқарылатын механикалық құрылғы. Қазіргі кезде осы робототехника саласы бойынша əлемде ең үздік Жапония елі. Олардың мамандары адам орнын баса алатын толыққанды роботтарды шығарумен айналысады. Яғни, жапон роботтары адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындап, адамдарға көмекші ретінде қызмет ете алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, дүкен сатушысы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар немесе ақылды техникалар бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ғылымының басты тенденциясы.
4,6(62 оценок)
Ответ:
homie51
homie51
14.03.2022
Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! *** Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.          Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.  Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!
4,8(97 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ