М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Составить 10 предложений на ( казахском языке) на тему "мой город павлодар"

👇
Ответ:
МиллкаВах
МиллкаВах
06.03.2022

Павлодар қаласы туралы.

Менің туған қалам – Павлодар қаласы. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін. Павлодар қаласы - Қазақстанның солтүстік – шығысында  Ертіс өзенінің оң жағасында орналасқан Павлодар облысының орталығы. Менің туған қалам электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды қала саналады.

Павлодар қаласы - ірі өнеркәсіп орталығы ғана болып қоймай,  солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Қаламызда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры, А.Чехов атындағы орыс театры, Өлкетану мұражайы, Бұқар жырау, Майра Шәмсуддинқызы атындағы және көркемсурет мұражайлары секілді мәдениет ошақтары бар.

Қала тарихына келер болсақ,1720 жылы Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды. Ал қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті. Бүгінде Павлодар қаласы үш жүз жыл тарихы бар әсем гүлденген қалаға айналып отыр. Мен Павлодар қаласының тумасы болғанымды мақтан тұтып, болашақта туған қаламның одан әрі көркеюіне өз үлесімді қосамын.

4,8(83 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Margoha80029071
Margoha80029071
06.03.2022

Арғын тайпасының Атығай руының Құдайберді тармағынан шыққан[1].

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913 жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.

Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер ба Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.

1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.

1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.

1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.

Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.

Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.

Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен М.Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.

1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.

Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді

Объяснение:

4,7(94 оценок)
Ответ:
lolipop1720
lolipop1720
06.03.2022
Бірде Сары-Арқа бірнеше көшпелі тайпалардың даласында өмір сүрген. Барлығы олар бақытты болды, жеткілікті болды. Және олар болды бәрі, осы ерлер мен айтқаннан бері: «Тұтастай алғанда біз, біз тек бір біз барлық жеткілікті. Бізді қорғай алатын батыр, біздің әл-ауқатын және біздің байлық жоқ. « Ал сол отбасында бала басына алтын жотадан дүниеге. Мен, осы ерекше ұл көрген барлық адамдар жиналады және оның батырдың туған орай үлкен той басталды жатырмын.бала ашытқы өсті және жақын арада нақты кейіпкері болды. Толағай - Оның туыстары, оны сглазить ретінде емес, сондықтан ол өзінің аты болған жоқ, және ойлап белгілі болды. Атауы оған Сондықтан және бекітеді.Бір жылы жаңбыр аялдамалары, жылу жерге кептірілген етті. адам таң, және бізге Tolagaya ойлаймын құрады апат. Ал содан кейін ол Дана атымен ақсақалға кеңес алу үшін айналды.Аға Дэн оған былай деді: бізге бұлттарын тоқтатты еді, оның айналасында ешқандай таулары бар келесі «Құрметті Толағай, біз ашық аймағында өмір сүреді. Сондықтан, біз жаңбыр жоқ. «Бұл Толағай туралы былай деді: «Ата, сен мені мүмкіндік береді, егер Мен барып, қайтып осы таудың алып келеді. Сіз бұл істеуге болады? Менің көз жарық «Сонда қария, деп атап өтті», Толағай, сіз олар үшін уайымдаған туған жер, өз халқының, деп ойлаймын! Ол тауға қайтаруға оңай емес. Ал, оңтүстікте үлкен Алатау таулары бар, және онда олар ескі кісіні бар. , Go оның рұқсат сұра! «Ал Дана Tolagaya жарылқанған және оған Bon Voyage тіледі.Толағай Алатауының тауларында барып, ол Ұлы таулар жетті және оларды қарсы алды: «! Үйіңе бейбітшілік» Ал содан кейін ол өз таулар өтінішін қойды. Ежелгі Алатау таулары, жас таудың иығына салып, оның өтінішін түсіну және орындау, оған құрмет берді, оған тауларында әлі баланы тыңдады.Және тау асыратын, Толағай барып, алдымен оңай болды, бірақ, ал тау ауырлығын әсер етеді бастады кейін, Толағай әлсіретті. Батыр мұқият иығына жас тауға асыратын, оның үйіне баяу жүріп дейін көп уақыт алды. Өте шаршаған Толағай әрең туған жер шетін жетті, ол ұйықтап қалды, және ол иығына асырылады тау, және оған түйреледі.Мұнда, олар Толағай тау астында ұйықтап айта күннен бастап. Енді сыйдыра алады. Толағай - осы жылдар ішінде есейіп, батыр әкелді, сондықтан ол деп аталады шағын тау-бала.
4,6(36 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ