М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nikitafill123
nikitafill123
02.04.2020 22:06 •  Қазақ тiлi

Переведите рассказ, ! мы отдыхали 3 месяца. это июнь,июль,август. это лето я провела хорошо. 15 июня мне исполнилось 13 лет. у меня появилась 2 щенка это татоша и капоша. я с ними играли. ещё я много купалась. мы ездили в абакшино. там было весело. я каталась на велосипеде. мы ездили в боровое,проезжали кокчетав. красивый город. там я лазила по горам. я много гуляла с друзьями. любила порисовать и посмотреть фильмы. ездила к своей бабушке. в конце лето я готовилась к школе. я люблю лето.

👇
Ответ:
Петрович05
Петрович05
02.04.2020
Біз үш ай демалдық. Бұл маусым, шілде, тамымз. Бұл жазды мен жақсы өткіздім. Он бесінші маусымда мен он жасқа толдым. Менде Татоша және Капоша деген екі күшік пайда болды. Мен солармен ойнадым. Мен тағы көп рет суға шомылдым. Біз Абашкиноға бардық. Ол жақта көңілді болды. Мен велосипед тептіп. Біз Бурабайға бардық, Көкшетаудан өттік. Өте әсем қала. Ол жақта тауға шықтым. Мен достарыммен көп қыдырдым. Сурет салып, фильм көргенді ұнаттым. Өзімнің әжеме бардым. Жаздың соңында мектепке дайындалдым. Мен жазды сүйемін.
4,8(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
penny2912p0bvxj
penny2912p0bvxj
02.04.2020

– Құрамында көмекші есім сөз бар жұмбақтар:

1.Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)

2.Сырты жасыл қатты

Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)

3.Талдың басында, жемі бар қасында, Там тұр саялы, достары аялы. (Құс ұясы)

4.Үсті тас,асты тас,

Ортасында піскен ас. (Нан)

Бұл жұмбақтардағы көмекші есімдер:үстіне,астында,сырты,іші,басында,қасында,үсті,асты,ортасында.

– Құрамында көмекші есім сөз бар өнер туындыларының аты:

“Күн астындағы Күнікей қыз” ертегісі, Абай Құнанбайұлы “Көлеңке басын ұзартып” өлеңі,Сәкен Сейфуллин “Тау ішінде” әні және т.б.

– Құрамында көмекші есім сөз бар мақал-мәтелдер:

1. Бітер істің басына,

Жақсы келер қасыңа.

2.Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса,бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса.

3.Отан от басынан басталады.

Көмекші есімдер:басына,қасыңа,сыртта,басынан.

– Құрамында көмекші есім сөз бар жаңылтпаштар:

1.Құман от басында,

Жүген ат басында.

От басынан құманды алыс

тастасын ба?

Ат басынан жүгенін ап,

ноқта салсын ба?

2.Бұл қар – сүр қар

Сүр қар – кір қар

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

Көмекші есімдер:басында,үстінде.

– Құрамында көмекші есім сөз бар бірнеше сөйлем (8 сөз):

1.Сөздің басы сол жаңа ауыл мұғалімінен басталған еді.

2.Оның үстіндегі көк көйлегі әдеміше, ыңғайлы тігілген екен.

– Құрамында көмекші есім сөзге аяқталған бірнеше сөйлем:

1.Оған бәрінен бұрын ұнағаны – үйдің іші.

2.Анадайдан көрініп тұрған ол – тау шеті.

4,6(68 оценок)
Ответ:
meowpeww10
meowpeww10
02.04.2020
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап,  есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі  сенің  «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен  де сол жерге дейін барып  биік шындардан  көрінерін анық.
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.
Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.
4,6(41 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ