М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
вова5555555
вова5555555
14.08.2022 02:16 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему как я провел лето на казахском

👇
Ответ:
nastosetrova2
nastosetrova2
14.08.2022
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Дереккөзі: https://www.zharar.com/tags/%D0%BC%D0%B5%D0%BDi%D2%A3+%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D2%93%D1%8B+%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D1%81+%D1%88%D1%8B%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B0/ © www.ZHARAR.com
4,8(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
oleg1836
oleg1836
14.08.2022

Жеңіс күні

Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл  адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 74 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

4,8(32 оценок)
Ответ:
Сталкер027
Сталкер027
14.08.2022

Менің сүйікті үй жануарым

Менің ойымша, үй жануарын асырау үлкен жауапкершілік пен дайындықты талап етеді. Себебі, жануар деген де тіршілік иесі, ойыншық емес, оған да көңіл бөліп, серуендету керек, тазалығын сақтап, ауырса емдеу керек дегендей. Мен бұл жауапкершілікті толықтай түсініп, дайын боғандықтан ата - анам менің туған күніме көптен күткен арманым, жеті қазынаның бірі саналатын - ит сыйлады. Сыйлығымды көргенде менің қуанышымда шек болмады, себебі жай ит емес, нағыз қазақтың тазысы. Өзіміз жер үйде тұратындықтан, күшігіме де қолайлы болды.

Күшігіме ат қоймас бұрын, көп ойландым, атына заты сай болсын деп. Сонымен біраз уақыт бақылап жүріп, ақырында Саққұлақ деп қоюды шештім, себебі өзі әлі кішкентай күшік болғанымен, елеңдеп, сақ жүреді екен. Екеуміз бірер күннің ішінде – ақ бір – бірімізге бауыр басып, әбден үйренісіп қалдық. Қайда барсам да, мейлі аулада шаруа істеп жүрсем де, кішкене күшігім құйрығын бұлаңдатып соңымнан қалмайды.  Күшігім шамалы өскен соң, оны жттықтырып нағыз тазы қылып өсіремін. Ит адамның досы демекші, менің ең жақын серігім болды. Сабақтан келген соң, ата анама үй шаруасына көмектсіп болған соң міндетті түрде бос уақытымды Саққұлақпен өткізіп, ойнауға асығып тұрамын.

4,6(41 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ