Бағдаршам туралы өлең тақпақтар.
1. Қалада көлік көп,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам.
Бағдаршам біледі,
Бәрін де көреді.
Адам да, көлік те,
Сол шаммен жүреді.
Бағдаршам, бағдаршам.
Үлкен біздің қаламыз,
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам,
Көшеде тұр бағдаршам.
Бағдаршам, бағдаршам. (Автор: С. Дүкенбай)
2. Бағдаршам
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
Көзі алысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал,
Ж — Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.
3. Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
«Тоқта!
Сақтан!
Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
4. Күндіз түні жанамын
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар
Белгілі жаспен кәріге
Мен бағдаршам боламын.
5. Бағдаршам (Авторы Ә.Табылдиев)
Менің атым̶ бағдаршам
Кеудем толы жанған шам
Қызыл көзім жанғанда
Сақ болыңдар тоқтаңдар!
Сары көзім жанғанда
Сабырлылық сақтаңдар!
Жасыл шамды көрсеңіз
Бола береді өтсеңіз!
Алакөл туралы шығарма.
Алакөл — Қазақстандағы Алматы және Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан тұйық көл, Қазақстандағы ең ғажайып көлдердің бірі. «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді.
Халық арасында Алакөлді «табиғат сыйлаған шипа» деп те атап жатады, себебі Алакөл суы емдік қасиетке бай көрінеді. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Оны заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында дәлелдеген. Демалушылардың көбі Алакөлге шипа іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады.
Сонымен қатар бұл ғажайып өлкеге денсаулығын түзеткісі келетіндерден басқа, теңдесі жоқ көлде шомылу мен балық аулағанды ұнататындар келеді.
Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Көл суы да минералды ресурстарға, йодқа, тұзға, химиялық элементтерге бай болғандықтан, судың денсаулыққа пайдасы меицинада дәлелденген. Бір замандарда Жібек жолының керуендері де көл жағасын басып өткендіктен, оның суы мен ауасы ұзақ жолдан науқас меңдеген адамдардың денсаулығын құр аттай қылып, емдеп жіберетіндігі ерте кезден байқалған.